Сириядан эвакуацияланған ҚР азаматшасы А.Рахмун туралы СІМ Баспасөз қызметінің түсініктемесі

Бүгін, 2014 жылғы 15 тамыз күні, Мәскеу уақыты бойынша таңғы сағат 01.00-де Ресей Федерациясының ТЖМ ұшағы Сириядан қайтуға ниет білдірген 60 адамды Мәскеуге жеткізді.

Олардың арасында 1971 жылы туылған, ОҚО облысының тумасы, ҚР азаматы А.Рахмун болған. Қазақстанның Мәскеудегі консулдығының қызметкерлері оны әуежайда күтіп алып, туыстарына жеткізген. Бүгін немесе ертең ол елімізге оралуды жоспарлап отыр.

Ресей тарапына азаматымызға көрсеткен көмегі үшін зор алғысымызды білдіреміз.

Қосылған : 15.08.2014, 16:03, Өзгертілген : 15.08.2014, 16:10