СІМ Басшысы Корея Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасарын қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 3 қыркүйек - Қазақстан Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Корея Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Юн Сун Гуды қабылдады.

Кездесуде тараптар Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Инаның биылғы жылдың сәуір айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысын, сондай-ақ министрдің осы айда Сеулге жасайтын ресми сапарын талқылады. Тараптар екі елдің стратегиялық әріптестігінің маңыздылығын және өзара іс-қимылдың саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да салаларындағы қатынастарды дамыту перспективаларын атап өтті. 

Екі елдің дипломаттары екі жақты байланыстардың даму серпініне қанағаттанушылық білдірді және жыл соңына дейін жоспарланған екіжақты және көпжақты іс-шараларды табысты өткізу үшін күш салуға келісті. 

2018 жылы Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы тауар айналымы 3,9 млрд. АҚШ долларын құрады. Оңтүстік Кореяға салынған қазақстандық инвестициялардың көлемі 3,86 млрд. АҚШ доллар, ал Қазақстанға тартылған кореялық инвестиция көлемі 1,6 млрд. долларын құрады. 

Бүгінгі күні кореялық қатысуымен 1081 заңды тұлға, филиал мен өкілдіктер (Samsung, LG, SK Corporation, Hyundai, POSCO және т.б., Dong Il Highville, Urim, «Қыкдонг Консоль» құрылыс фирмалары және т. б.) тіркелген, олардың 516-ға жуығы жұмыс істейді.

Қосылған : 4.09.2019, 19:20, Өзгертілген : 4.09.2019, 19:20