Республикалық академиялық драмалық неміс театры Парижде өнер көрсетті

2017 ж. 4 желтоқсанда Республикалық академиялық неміс драма театрының әртістері Париждің ең көне театрларының бірі «Театр Де Варьете» сахнасында «Қарагөз» пьесасымен өнер көрсетті.

Мұхтар Әуезовтің өшпес сюжеті француз тіліндегі субтитрмен неміс тілінде би театры элементтерімен бірегей спектакль түрінде ұсынылды.

Қойылым алдында Қазақстан елшісі Жан Галиев өз сөзінде неміс тілді дипломаттар болған көрерменге бұл гастрольдер ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастама болған «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасының «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру аясында өтіп жатқандығын атап өтті. Қазақстан Елшісі Қазақстанда 130 этностардың өкілі еңбек етіп бейбітшілікте өмір сүріп жатқандығын атап өтті. Бұл ретте, олардың әрқайсысы өз тілдері мен мәдениетін ұмытпауы үшін барлық жағдай жасалғандығын жеткізді.

Шақырылғандар арасында қазақ диаспорасының өкілдері мен отандастарымыздың бірлестіктерінің мүшелері болды (AKF, AKFT, JAAK).

Классикалық туындыны замануи түрде ұсыну нысанын театр сыншысы Лаша Чхартишвили де атап өтті. Ол әртістердің жоғарғы деңгейдегі ойнағандығын жеткізген достары және әріптестерімен келді. Дипмиссия басшысының қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы туралы сөзіне оралған олар заманауи қазақстандық театр шығармашылығымен танысқандығын атап өтті. «Бұл қоғамның жаңғырып, өнердің жаңа нысандарының ашылып жатқандығын көрсетеді» - деп атап өтті қонақтардың бірі.

Парижде «Қорқыт» қазақ мәдени орталығының негізін қалаушылары Әйгерім Ерсаинова мен Әйгерім Матаеваның қолдауымен өтіп жатқан Еуропалық гастрольдік турне Брюссель, Вена және Мәскеу қалаларында жалғасын табады.

Қосылған : 5.12.2017, 16:40, Өзгертілген : 5.12.2017, 12:40