«Шетелде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрінің

2018 жылғы «22» қазандағы

№ 11-1-4/475 бұйрығына

4-қосымша

«Шетелде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) «Шетелде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 11-1-4/183 бұйрығымен бекітілген «Шетелде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 17089 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік не Стандарттың 10-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

5. Жеке тұлғаның (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) өтінішінің болуы мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін (іс-қимылын) бастауға негіз болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1-рәсім (іс-қимыл) – көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауы, тексеруі және тіркеуі – 1 (бір) жұмыс күні;

2-рәсім (іс-қимыл) – көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қарауы және талдау жүргізуі – күнтізбелік 29 (жиырма тоғыз) күн не Стандарттың
4-тармағы 1) тармақшасында көзделген өзге мерзім;

3-рәсім (іс-қимыл) – көрсетілетін қызметті берушінің азаматтық хал актіні тіркеуі, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлікті ресімдеуі не көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру – 1 (бір) жұмыс күні.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің нәтижесі келесі рәсімдердің
(іс-қимылды) орындалуын бастауға негіз болады:

1-рәсім (іс-қимыл) бойынша – құжаттардың қабылданғаны туралы өтініштің көшірмесіне белгі қою;

2-рәсім (іс-қимыл) бойынша – көрсетілетін қызметті беруші консулдық лауазымды адамының азаматтық хал актіні тіркеу жөніндегі шешімі;

3-рәсім (іс-қимыл) бойынша – азаматтық хал актісі және некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік не Стандарттың 10-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібінде көрсетіледі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау

8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті беруші консулдық лауазымды адам қатысады.

9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

көрсетілетін қызметті беруші консулдық лауазымды адам көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауды, тексеруді және тіркеуді жүзеге асырады – 1 (бір) жұмыс күні;

көрсетілетін қызметті беруші консулдық лауазымды адам көрсетілетін қызметті алушының келіп түскен құжаттарын қарастырады және олардың 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығымен бекітілген Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10764 болып тіркелді), сондай-ақ Стандарттың 9-тармағына сәйкестігін тексереді – күнтізбелік 30 (отыз) күн;

көрсетілетін қызметті беруші консулдық лауазымды адам азаматтық хал актіні тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлікті ресімдейді не бас тарту туралы дәлелді жауап береді – 1 (бір) жұмыс күні.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары), өзара іс-қимылдары реттілігін толық сипаттау және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.


Қосылған : 11.12.2018, 15:10, Өзгертілген : 11.12.2018, 15:10