Шетелдік азаматтарды ҚР ІІМ көші-қон қызметі бөлімшелерінде тіркеу

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне енгізген өзгерістерге сәйкес, Қазақстан Республикасында 30 тәулікке дейін болатын шетелдіктер ішкі істер органдарында уақытша тіркеу алу қажеттілігінен босатылады.

Анықтама: аталған норма 2020 жылғы 11 қаңтарда күшіне енеді.

Шетелдік 30 тәуліктен артық болған жағдайда,Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында уақытша тұруға рұқсат алу қажет (жұмысқа, оқуға, емделуге келгендерге, бизнес-көшіп келушілерге, отбасымен бірігу мақсатында және тұрақты тұру үшін).

Қабылдаушы тұлғалар өздерінде болатын көшіп келушілер туралы көші-қон қызметі органдарына олар келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.

Аталған қызмет электрондық форматта Визалық - көші-қон порталында қолжетімді, онда қабылдаушы тарап (жеке немесе заңды тұлға) электронды-сандық қол бар болған жағдайда интернет арқылы көші-қон қызметін хабардар етеді.

Осы талапты бұзған кезде, қолданыстағы заңнамаға сәйкес қабылдаушы тарап «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 518-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады (жеке тұлғаларға ескертуге, лауазымды адамдарға айыппұлға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 10, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 15, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлға әкеп соқтырады).

ҚР ІІМ

Қосылған : 12.06.2017, 00:00, Өзгертілген : 21.01.2020, 16:25