ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі – Ресми өкілі А. Әбибуллаевтың Непалдағы ҚР азаматтары бойынша түсініктемесі

Бүгінгі күні ҚР Үндістандағы Елшілігіне Непалдағы туысқандары мен жақындарына алаңдаушылық білдірген азаматтарымыздан сауалнамалар келіп түсуде.

Жел сілкіністері телекоммуникация байланыстарына зақым келтіріп, ҚР азаматтарымен байланыс орнату үрдісін қиындатады. Сол себепті, олар, мүмкіндігінше, Елшілікке өздері байланысқа шығып жүр.

Қазіргі таңда біз 11 қазақстандықтармен байланыс орнаттық:

1) Кузина Светлана,4 баласымен;
2) Колежников Иван;
3) Файзалиев Расул;
4) Абзальдыкова Жанна2 баласымен;
5) Безбородов Сергей.

соңғы жер сілкіністері кезінде Непалда болуы мүмкін келесі азаматтармен байланыс орнату және мекенін анықтау жұмыстарында непалдық және ресейлік әріптестеріміз көмек көрсетуде:

1) Тропынина Ольга;
2) Махамбетов Айбек,
3) Каипов Айдар және жұбайы Касенко Марина;
4) Елена Шерпа.

Непалдағы азаматтарымыздың саны өзгеруі мүмкін екенін түсінеміз. Олардың өзге елдерге кетуі де ықтимал.

Қазақстан және Непал арасында диломатиялық қатынастар орнатылмаған болса да, непалдық тарап бізге барынша көмек көрсетуде.

ҚР азаматтары Непалда консулдық есепке тіркелмейді және ҚР азаматтарының елге келуі және тұруы туралы мәліметтер қазақстандық тарапқа берілмейді.

ҚР азаматтарының Непалдан ресейлік ТЖМ көмегімен эвакуациялануы қазіргі таңда ресейлік тараппен талқыланып жатыр. Біздің азаматтарға эвакуация штабы ұйымдастырылған Катманду қаласындағы РФ мәдени орталығына бару ұсынылды. Эвакуацияланған азаматтар Үндістанға келгенде, ҚР Елшілігі оларды Нью-Делиден Алматы бағытымен еліне жіберуге қолғабыс көрсетеді.

ҚР азаматтарымен байланыс орнату және оларға көмек көрсету мәселесі Сыртқы істер министрілігінің ерекше бақылауында.

Қосылған : 27.04.2015, 18:19, Өзгертілген : 27.04.2015, 18:19