ҚР СІМ Баспасөз хатшысының Израильдегі Қазақстан азаматтары бойынша түсініктемесі

ҚР Сыртқы істер министрлігі біздің азаматтарымыздың Израильден Түркияға оралу мәселесін қадағалауды жалғастыруда. Қазақстанның Израильдегі Елшілігі бұл бағытта барынша жұмыс атқаруда.

Қазіргі уақытта 23 ҚР азаматы Греция арқылы Израильден Түркияға ұшып кетті. «Эль Аль» әуекомпаниясының алдын-ала мәліметіне сәйкес, тағы 26 азаматымыз Антальяға оралған.

10 қазақстандық азамат консулмен бірге әуежайда, сонымен қоса кеше 5 азаматымыз консулдың ескертулеріне қарамастан өз еріктерімен Палестина аумағына кетіп қалған.

Туристік компаниялардың өз жауапкершіліктеріне салғырт қарауына орай, біз Израильге бір күндік турмен келген Қазақстан азаматтарының нақты санын анықтауды жалғастырудамыз.

Министрлік біздің азаматтарымызға қолдау көрсетуін әрі қарай жалғастыра беретін болады.

Қосылған : 25.07.2014, 19:33, Өзгертілген : 31.07.2014, 11:40