ҚР азаматшасы Ә.Көшеноваға қатысты ҚР СІМ Баспасөз хатшысының түсініктемесі

ҚР азаматы Әсия Көшенова ү.ж. 5 тамызда Флорида штатының Леон графтығында (АҚШ) қамауға алынды. Флорида штаты полиция офицерлерінің хабарлауынша, отандасымыз «жекеменшік иелерінің рұқсатынсыз үйде тұрғаны» және «жүкті әйелге қол жұмсағаны» үшін тұтқындалды. Сонымен қатар ол АҚШ миграциялық заңнамасын бұзғаны үшін айыпталуда.

Қазіргі уақытта Ә.Көшенова "Leon County Jail" түрмесіне қамалып, оның мемлекеттік қорғаушысы (адвокат) болып Мэтью Уильямс тағайындалды. Сот ісі ү.ж. 26 тамызда қаралатын болады.

Осының алдында, АҚШ-тағы ҚР Елшілігінің ұсынысымен Ә.Көшенова Қазақстанға «Қайту күәлігін» алуға арызданған болатын. Оның арызы оңды шешіліп, құжатты қайтарып жіберу үшін, арызданушының мекенжайы болған жоқ. Бұл туралы ақпарат Ә.Көшенованың анасы – Гүлсара Жүнісоваға хабарланған болатын. Анасы қызының нақты мекенжайын айта алмады. 2013 жылы Г.Жүнісова Қазақстан Елшілігінен қызына көмектесуді сұраған болатын. Ә.Көшенованың АҚШ-тағы ауыр халін ескере отырып, оған ҚР-ға қайтып оралы ұсынылған болатын. Дегенмен, ол отанына қайтудан бас тартты.

АҚШ-тағы Қазақстан Елшілігінің қызметкерлері Ә.Көшенованың анасымен үнемі байланыста, оған АҚШ-тағы ҚР консулының ұялы телефонының нөмірі берілген.

ҚР Сыртқы істер министрлігі аталған мәселені бақылауда ұстайды, және ҚР азаматы Ә.Көшеноваға барынша консулдық-құқықтық көмек көрсетеді.

Қосылған : 13.08.2014, 20:28, Өзгертілген : 13.08.2014, 20:31