Лихтенштейнда Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды

14 маусымда Вадуц қаласында Қазақстан Республикасы мен Лихтенштейн Князьдігі арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 10 жыл толуына орай Қазақстанның Елшілігі құрметті консулдығының ресми ашылуын өткізіп, «Қазақстанның инвестициялық климаты. «ЭКСПО-2017» тақырыппен «дөңгелек үстелді» ұйымдастырды. Аталған іс-шараларға ресми және іскерлік топтардың өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Елшісі Жанар Айтжанова, ҚР Лихтенштейндағы құрметті консулы Арзу Тютчер-Аланюрт және Швейцария – ТМД өнеркәсіп палатасы басқармасының мүшесі Артуро Джованолли сөз сөйледі.

Ж.Айтжанова Қазақстанның негізгі бастамалары, инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі шаралары, Лихтенштейнмен ағымдағы және даму ынтымақтастығының келешегі, сондай-ақ екіжақты келісім-шарт базасын кеңейту туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп берді.

А.Джованолли Қазақстанда бизнес жасау жағдайды жеңілдету мен жақсарту бойынша іске асырып жатқан жұмысы туралы және 2016 ж. қазанда Женева кантоны бизнес-делегациясының Қазақстанға сапары жемісті өткенін хабардар етті.

Өз кезегінде А.Тютчер-Аланюрт жаңа құрметті консулдықтың ашылуы екі ел арасында ресми, іскерлік, ғылыми және мәдени қарым-қатынастардың артуына себеп болатынына сенім білдірді.

Қатысушылардың назарларына «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме және Қазақстанның инвестициялық климаты туралы мағұлмат ұсынылды. Басқосу шеңберінде Қазақстанда жалпы бизнес жүргізу, салықтық преференциялар және логистика бойынша ашық пікіралмасу орын алды.

Іс-шараның қорытындысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Лихтенштейндағы құрметті консулдығының жұмысы екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне әкелетініне сенім білдірді.

Қосылған : 15.06.2017, 13:00, Өзгертілген : 15.06.2017, 13:05