Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі бойынша Қазақстан Республикасының ұстанымы Каспийге теңіздің әртүрлі аумақтарының режимдері мен еніне қатысты БҰҰ-ның Теңіз құқығы жөніндегі 1982 жылғы конвенциясының жеке ережелерін қолдану болып табылады.

Жағалаудағы мемлекеттердің саяси және экономикалық мүдделерін тиімді қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан көрсетілген құжаттың ережелеріне сәйкес Каспийде аумақтық теңізін, балық аулау аймағын және жалпы су кеңістігін белгілеу бойынша ұсынысты жасады.

Аумақтық теңіздің сыртқы шекарасы оның шеңберінде жағалаудағы мемлекет барлық егеменді құқықтарды толығымен ие болатын мемлекеттік шекара болып табылуы қажет.

Балық аулау аймағын, оның ені мен режимін Каспий маңы мемлекеттерімен келісе отырып, жеке санатқа бөліп шығаруды ұсынылады. Бұл ретте, балық аулау мен биоресурстарды пайдалануды тиісті балық аулау аймақтарда, сондай-ақ, ашық теңізде кәсіпті лицензиялау мен аулаудың келісілген квоталары негізінде жүзеге асыру қажет.

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны әзірлеу бойынша келіссөздер Каспий жағалау мемлекеттері Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде Арнайы жұмыс тобының (АЖТ) шеңберінде, сондай-ақ, екі- және үшжақты консультацияларда да жүргізілуде. Аталған кездесулердің күн тәртібіне көрсетілген мәселелердің басқа да минералдық және биологиялық ресурстарын игерудегі өзара іс-қимыл, кеме қатынасы, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Каспийдің экожүйесін сақтау мәселелері де кіреді.

Каспий тақырыбы бойынша салалық халықаралық шарттардың жобаларын келісуі тараптар тиісті мемлекеттік органдардың өкілдері деңгейінде жүргізіледі.

1998 жылғы 6 шілдеде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егеменді құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігі түбінің ара-жігін ажырату туралы келісім және 2002 жылғы 13 мамырда аталған Келісімге Хаттама жасалды.

2001 жылғы 29 қарашада және 2003 жылғы 27 ақпанда тиісінше Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы Каспий теңізі түбін шектеу туралы Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы келісім және оған Хаттама жасалды.

Сонымен қатар, Қазақстан, Ресей мен Әзербайжан арасындағы 2003 жылғы 14 мамырда Каспий теңізі түбінің шектес учаскелерін межелеп бөлу сызықтарының түйісу нүктесі туралы келісім жасалды.

2014 жылғы 2 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Каспий теңізінің түбін Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасында бөлу туралы келісімге қол қойылды (2015 жылғы 31 шілдеде күшіне енді).

2003 жылғы 4 қарашада Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға қол қойылды. Ол 2007 жылғы 12 тамызда күшіне енді. Аталған Конвенцияда теңіз ортаға антропогендік әсер етуді реттеу, биологиялық ресурстарды қорғау мәселелері және Каспийдің экожүйесін қорғау жөніндегі іс-шараларға қатысты тараптар арасында жалпы өзара іс-қимыл бойынша негізі ережелері салынды.

2011 жылғы 12 тамызда Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Мұнаймен ластануға әкелетін тосын оқиғалар жағдайындағы өңірлік әзірлік, ден қою және ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды. 2012 жылғы 12 желтоқсанда Каспий теңізін жер үсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау жөніндегі хаттамаға қол қойылды. 2014 жылғы 30 мамырда Негіздемелік конвенция Уағдаласушы Тараптардың Конференциясы бесінші сессияның қорытындылары бойынша Биологиялық әртүрлілік сақтау туралы хаттаманы қабылдады.

Қазіргі уақытта аталған Негіздемелік конвенцияға Қоршаған ортаға трансшекаралық контекстіндегі әсерді бағалау жөніндегі хаттама Тараптардың келісуінде.

Каспий жағалауы мемлекеттері Президенттерінің төрт Саммиті (2002 жылғы 23-24 сәуірде, 2007 жылғы 16 қазанда, 2010 жылғы 18 қарашада және 2014 жылғы 29 қыркүйекте) және Сыртқы істер министрлерінің бес кеңесі (1996 жылғы 11-12 қарашада, 2004 жылғы 6 сәуірде, 2007 жылғы 20 маусымда, 2014 жылғы 22 сәуірде және 2016 жылғы 12-13 шілдеде) болып өтті.

Тегеран қаласында Каспий бестігі Басшыларының Екінші кездесуінің қорытындылары бойынша Әзербайжан Республикасының, Иран Ислам Республикасының, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Түрікменстанның декларациясы қабылданды. Декларация Каспий теңізі құқықтық мәртебесінің, теңіздегі қауіпсіздік пен тұрақтылықтың негізгі мәселелері бойынша, сондай-ақ, халықаралық қатынастардың жекелеген аспектілері (БҰҰ-ның, АЭХА-ның рөлін нығайту, ядролық қаруды, халықаралық терроризмді таратпау) бойынша Каспий жағалауы елдерінің ұстанымына байланысты мәселелер бойынша мемлекеттердің бар уағдаластықтарын саяси деңгейінде бекітті.

Бакудегі Үшінші Каспий саммитінің шеңберінде Әзербайжан Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы мен Түрікменстан Президенттерінің бірлескен мәлімдемесіне, сондай-ақ, Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Бірлескен мәлімдемеде «Каспий бестігінің» Басшылары Екінші саммиттің Декларациясында көрсетілген ұстанымдардың бейілділікті тағы да растап, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция бойынша жұмысты жедел аяқтаудың қажеттігін атап өтті.

Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісім негіздемелік құжат болып, Каспийдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен құқыққа қайшы қызметпен күрестегі жағалау мемлекеттерінің өзара іс-қимылы үшін құқықтық негізін салап, ынтымақтастықтың басты салалары мен нысандарын бекітті.

Төртінші Каспий саммиті барысында Президенттер теңіздегі жағалау мемлекеттердің қызметі жүргізілетін қағидаттардың кең тізімін бекіткен бірлескен Мәлімдемеге қол қойды. Осы қағидаттар Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның жобасы жөніндегі кейінгі жұмыста ескеріледі.

Сондай-ақ, Мемлекет басшылары каспийлік келіссөздер үдерісіндегі ілгерілеуін атап өткен және одан әрі ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын көрсеткен Саммиттің коммюникесін қабылдады.

Төртінші саммиттің шеңберінде Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану туралы келісімге, Каспий теңізінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге және Каспий теңізінің гидрометеорологиясы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге де қол қойылды.

Қосылған : 10.12.2013, 15:27, Өзгертілген : 29.01.2017, 23:03