ҚР Елшісі Кипр Республикасына іс- сапары барысында ресми кездесулерді өткізді

Ү.ж. 8 наурызда Никосияда Израиль Мемлекетіндегі және қосымша Кипр Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшісі Дулаи Қуанышев Кипрдің сыртқы істер Министрі Никос Христодулидеспен кездесті. Тараптар екі жақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады, соның ішінде сауда-экономикалық, инвестициялық байланыстарды жандандыру және құқықтық салада ынтымақтастықты күшейту талқыланды.

Сол күні елшінің Кипр Парламентінің Спикері Д.Силлуриспен кездесуі өтті. Әңгіме барысында екі жақты сапарларға қатысты мәселелер жоғары деңгейде қозғалды.

Бір күн бұрын Д.Қуанышев Кипрдің қаржы Министрі Харис Георгиадиспен кездесу өткізді. Тараптар қос салық салуды болдырмау туралы Конвенцияға қол қою мәселесін талқылады, екі жақты сауда-әкономикалық және елдер арасындағы инвестициялық әлеуетті іске асыру бойынша пікірлермен алмасты.

Кипр Қазақстанды өзінің сыртқы саясатында еуразиялық кеңістіктегі басым елдер ішінде деп қарастырады. Мұнда Қазақстанның ресурстық, көліктік мүмкіндіктеріне, геосаяси жағдайына және Қытай мен Ресей сияқты елдермен ортақ шекараларына едәуір рөл бөлінеді.

Кипрмен қарым-қатынастарды дамыту мәселелері қазақстандық тарап үшін ҚР-ның халықаралық бастамаларының мәнмәтінінде, сонымен қатар ЕО және ӘДЫҰ-мен ынтымақтасу шеңберінде қызығушылық танытады.

Кипр Республикасы оңтүстік Жерорта теңізі мен Таяу Шығыс аумағындағы саяси және экономикалық процестердің маңызды қатысушысы болып табылатынын белгілеп кету қажет.

Қосылған : 11.03.2019, 13:05, Өзгертілген : 11.03.2019, 13:05