Қазақстан Республикасының Аустриядағы Елшісі аустриялық федералдық Каринтия жерінде сапармен болды

28-29 қыркүйегінде Қазақстанның Аустриядағы Елшісі Қайрат Сарыбай аустриялық федералдық Каринтия жерінде жұмыс сапармен болды. Сапар ҚР-ның Каринтиядағы құрметті консулы Петер Зандриссердің қолдауымен ұйымдастырылды.

Сапар шеңберінде жер Парламентінің Президенті Райхард Рормен, жер Үкіметінің мүшесі Р.Холубпен, жетекші өнеркәсіптік компаниялардың, сондай-ақ Филлах қаласының бірқатар білім мекемелерінің өкілдерімен кездесулер өткізілді.

Кездесулер барысында аустриялық тарап Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы, конституциялық реформалар, қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы шеңберіндегі еліміздің келешек даму жоспарлары туралы ақпараттандырылды. Өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында былтырғы жылы қол қойылған Оңтүстік Қазақстан облысы мен Каринтия федералдық жері арасындағы Меморандумды жүзеге асыру бойынша бағыттар мен нақты жобалар талқыланды. Бұл бағыттағы Қазақстанның Каринтиядағы құрметті консулының қызметі үлкен қолдау көрсетіп отырылғаны атап өтілді.

Қ. Сарыбайдың Каринтияның Қазақстан мен ынтымақтастықты орнатуға мүдделі жетекші индустриялдық компаниялардың басшылары мен кездесуі өтіп, оның барысында олар өздерінің Қазақстандағы жобалары мен жоспарлары туралы ақпарат берді. Бұған Каринтияның экономикалық делегацияларының экологиялық таза және энергияның жаңғырмалы түрлерін дамытуда айтарлықтай тәжірибеге ие федералдық жердің компаниялары үшін тақырыбы үлкен қызығушылық тудырған Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесінде қатысулары айтарлықтай шабыт берді. Осыған орай, Weissenseher (экологиялық жобалар), KärntenSolar (күн энергиясын қолдану) сияқты бірқатарлары Қазақстанда қазірдің өзінде нақты жобаларға тартылған.

Филлах қаласында қазақстандық дипломат арнайы техникалық училищесінде болып, қосарлы білім беруді ұйымдастыру тәжірибесімен танысты. Қалалық Санкт Мартин гимназиясында «Жаңа Жібек жолымен» таныстыру шарасы өткізілді. Оқытушылар мен жоғарғы сынып оқушылары мемлекетіміз туралы, оның сонау замандағы сауда жолдары торабындағы және қазіргі заманғы көлік-логистикалық әлеуетін дамытудағы рөлін үлкен қызығушылықпен қабыл алды.

Cапар федералдық жердің саяси, іскерлер және ағарту саласының орталарымен байланыстарын нығайтуға, Каринтия фирмаларының Қазақстанның, бірінші кезекте жаңғыртылған энергия көздері саласындағы экономикалық жобаларына қатысу мүмкіндіктерін талқылауға, екі ел өңірлері арасындағы өзара іс-әрекеттерінің одан әрі дамуына, сондай-ақ аустриялық қоғамдық-саяси және іскерлер ортасының Қазақстан және біздің мемлекет пен ынтымақтастықтың келешектері туралы хабардарлығын арттыруға жағдай жасады.

Қосылған : 2.10.2017, 11:40, Өзгертілген : 2.10.2017, 11:40