Қазақстан Елшісі грекиялық «Жаңа демократия» партиясы басшысымен жүздесті

2018 жылғы 6 ақпанда Қазақстан Елшісі Алексей Волков Грекияның ең ірі «Жаңа емократия» саяси партиясы басшысы Кириакос Мицотакиспен кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында қазақстандық дипломат танымал грек саясаткеріне Қазақстанның тәуелсіздік жылдары ішінде қол жеткізген саяси, әлеуметтік-экономикалық жетістіктері жайлы баяндап берді. Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауы аясында еліміз қазіргі таңда заманауи даму бағытында екені ерекше атап өтілді. Осы орайда, Елші екі ел арасында инвестициялық және туристік ынтымақтастықты дамытуға зор мүмкіншіліктердің бар болуын ескере отыра, екіжақты саяси, парламенттік және іскерлік байланыстарды дамыту қажеттігіне тоқталды.

Отандық дипломаттың пайымдауынша аталған байланыстарды дамытуға Қазақстанда ғұмыр кешетін үлкен грекиялық диаспорасы айтарлықтай қосымша түрткі бола алады.

«Жаңа Демократия» партиясының төрағасы ұсынылған мәліметтерге алғыс білдіре отыра, мемлекетіміздің жаһан деңгейінде геосаяси және экономикалық рөлінің артып келе жатқанын айрықша атап, Қазақстанмен жан-жақты байланыстарды дамытуға мүдделі екендігін жеткізді. Кездесу қорытындысы бойынша К. Мицотакис Қазақстан өз дамуы үшін алдына қойған биік мақсаттарға жетуге, сонымен қатар еліміздің экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше атану келіссөздерінде сәттілік тіледі.

«Жаңа демократия» - Грекияның ең басты ірі оппозициялық партиясы. Негізі 1974 жылы қаланды. Кириакос Мицотакис 2016 жылдың қаңтарында партия көшбасшысы болып сайланды.

Қосылған : 6.02.2018, 14:30, Өзгертілген : 6.02.2018, 14:30