​Қазақстан Елшісі Люксембург Премьер-министрімен кездесті

ЛЮКСЕМБУРГ, 2019 жылғы 19 наурыз - Люксембург Ұлы Герцогтігінің Премьер-министрі Ксавье Беттель Люксембургте өз кеңсесінде Қазақстан Республикасының Елшісі Айгүл Құспанды қабылдады.

Люксембург Үкіметінің басшысы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанда, сонымен қатар дүниежүзілік деңгейде бейбітшілік пен келісімді нығайту жөніндегі дана саясаты мен ұдайы әрекеті үшін шынайы құрметін білдірді. «Люксембург пен Қазақстанды достық пен сенімділіктің берік дәнекері байланыстырады», - деп атап өтті.

Премьер-министр Люксембург біздің ел үшін қызықтыратын барлық салада өз тәжірибесі мен ынтымақтастығын нығайтуға дайын екендігін атап өтті.

Астананың Орталық Азиядағы жаңа қаржылық хабына айналу мақсатын ескере отырып, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы мен Люксембургтік "House of Training" арасындағы жемісті ықпалдастықты атап өтті.

Қазақстан Елшісі қазақстандық-люксембургтік қарым-қатынастарды үлгілі деп атап, банктік-қаржылық сектор, ғарыштық өнеркәсіп және цифрландыру сияқты басым салаларды атап өтті.

А.Құспан «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмеге Люксембургтің қатысқаны туралы жақсы естелікпен бөлісті.

Бенедикт Соботканың Люксембургтегі Қазақстанның Құрметті консулы лауазымына жақында тағайындалғаны туралы және Люксембургте біздің елдеріміз арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың дамуына септігін тигізетін «Наурыз» мейрамы тойланатынын хабарлады.

Премьер-министр Ксавье Беттель 2015 жылы ресми сапармен және «ЭКСПО-2017» көрмесіне Люксембург павильонын ашу үшін екі рет Қазақстанда болды. 2018 жылы желтоқсанда парламенттік сайлау қорытындысы бойынша Люксембург Премьер-министрі ретінде қайта сайланды.

Қосылған : 19.03.2019, 20:45, Өзгертілген : 19.03.2019, 20:45