Кишиневте қазақстандық экспорт өнімдерін жеткізу мүмкіндіктері талқыланды

КИШИНЕВ - Қазақстанның Молдова астанасындағы Бас консулы Ерлан Мукашев АҚ «Францелуца» нан комбинатының жұмысымен танысып, компанияның бас директоры Борис Андроспен кездесті.

«Францелуца» 70-жылдан астам өндіріс тарихы бар Молдовадағы нан, кондитерлік және макарон өнімдерін шығаратын ең ірі өндірушісі. Бүгінгі күні комбинат заманауи технологияларды пайдалана отырып, 500-ге жуық өнім түрлерін шығарады.

Борис Андроспен кездесу барысында тараптар «Францелуца» АҚ мен қазақстандық бизнес-қауымдастық арасындағы ынтымақтастық байланыстарын, сондай-ақ еліміздің астық пен ұнды зауытқа жеткізу мүмкіндігін талқылады. Компания басшылығы Қазақстан нарығын зерттеуге және нан, кондитерлік және макарон өнімдерін өндіруге мамандандырылған қазақстандық шаруашылық субъектілерімен тікелей байланыс орнатуға қызығушылық танытты.

Қосылған : 12.07.2019, 11:00, Өзгертілген : 12.07.2019, 12:00