Қазақстанның төрағалығымен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің БҰҰ-ның Орталық Азиядағы превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталығы бойынша консультациялар өтті

Нью-Йорк, 2018 жылғы 22 қаңтар - Қазақстанның төрағалығымен БҰҰ Бас хатшысының Арнайы өкілі, Орталық Азиядағы Превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталығының басшысы Наталья Германның баяндамасы тыңдалған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің консультациялары өткізілді.

Өз баяндамасында Н. Герман өңірлік интеграция мен әріптестік процестерін жеделдетумен сипатталатын Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықтың оң динамикасына жоғары баға берді. Оның айтуынша, стратегиялық әріптестік туралы шарттарға қол қойылуы, Ферғана алқабында шекараларды делимитациялау және демаркациялау, сондай-ақ жоғары деңгейдегі екіжақты сапарлар бұған себеп болғандығын атап өтті.

БҰҰ Бас хатшысының Арнайы өкілінің айтуынша, халықаралық қоғамдастық пен Орталық Азия мемлекеттері трансшекаралық су және энергетикалық ресурстарды басқару мәселелерін, сондай-ақ шекара жанындағы және экологиялық мәселелерді шешу үшін қазіргі оң динамиканың артықшылығын пайдалануы мүмкін.

Аталған орталықтың басшысы ҚК-нің мүшелерін өңірлік деңгейдегі алғаш құжат болып табылатын БҰҰ Жаһандық контртеррористік стратегиясын іске асыру бойынша Орталық Азия елдерінің бірлескен іс-қимыл жоспары 3-кезеңінің жобасы әзірленгені туралы хабарлады. Ол терроризмге қарсы күресте өңірдегі барлық елдердің ұстанымын жоғары бағалады, сондай-ақ аталған жоспарды жүзеге асыру үшін 300 000 АҚШ доллары көлеміндегі қаржылық салымы үшін Қазақстанға алғысын білдірді.

Н. Герман Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуі Орталық Азия өңіріне әлемдік қоғамдастықтың назарын, атап айтқанда, Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қайрат Әбдірахмановтың төрағалығымен ағымдағы жылдың 19 қаңтарында өткен «Қауіпсіздік пен дамудың өзара тәуелділігінің үлгісі ретінде Ауғанстанда және Орталық Азияда өңірлік әріптестікті құру» тақырыбындағы министрлік пікірталасын өткізу арқылы аудара алды.

Сонымен қатар, Н. Герман бірліктегі барлық спикерлер қауіпсіздік пен даму арасындағы байланыс туралы айтқанын атады. Бұл Қазақстанның Ауғанстан мен Орталық Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтандырудың өңірлік келісілген тәсілге және қауіпсіздік пен дамудың өзара байланысына негізделген жаңа үлгісін әзірлеу қажеттілігі туралы ұсынысының дұрыс екенін дәлелдейді.

Қазақстандық делегация өзінің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығы барысында Орталық Азия өңірі, сондай-ақ Ауғанстан тап болған сын-қатерлерге баса назар аударатынын атап өтті, себебі өңірдегі тұрақтылық осы елдегі қауіпсіздікке байланысты. Осыған байланысты Ауғанстанның көрші елдермен, атап айтқанда Орталық Азиямен сауда-экономикалық және инфрақұрылымдық байланыстарға ықпалдастырудың маңыздылығы атап өтілді. Мұндай ынтымақтастықтың нәтижесі Ауғанстанның бейбіт өмірге тез оралуы, сондай-ақ аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнген қауіпті төмендеуі болуы мүмкін.

Қазақстан тарапы БҰҰ-ның қазір жұмыс жасайтын құрылымдары негізінде БҰҰ-ның экономикалық өзара әрекеттесу саласындағы жұмысын үйлестіре алатын және БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі миссиясымен және ОАПДӨО-мен ынтымақтаса алатын, орнықты дамудың мақсаттарына бағытталған БҰҰ Өңірлік орталығын Алматыда құруды ұсынды.

Қазақстанның Тұрақты өкілі 2017 жылы 10-11 қарашада Самарқандта өткен қауіпсіздік және орнықты даму жөніндегі конференцияның барысында қазақстандық тарап Орталық Азия елдері басшыларының тұрақты кездесулерін өткізу туралы ұсынысқа қолдау көрсетіп, 2018 жылдың наурызында Астанада алғашқы кездесуді өткізуді ұсынды.

Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері ОАПДӨО-ның жанжалдарды алдын алуға бағытталған қызметіне және саяси диалог үшін алаң ретінде жоғары бағалады. Делегациялар өңірдегі елдердің бірлескен күш-жігері арқылы Ауғанстан мен Орталық Азиядағы ұзақ мерзімді бейбітшілікке, тұрақтылыққа және орнықты дамуға қол жеткізу үшін өңірлік ынтымақтастықты жандандырудың маңыздылығын атап өтті. Делегациялар Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығы 19 қаңтарда өткен министрлік пікірталастарында осындай интеграцияның қажеттілігін дәлелдегенін атап өтті.

Қорытындылай келе, делегация Кеңесте алғаш рет Орталық Азия өңірінн ұсынып отырған және осы айда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы болып табылатын Қазақстанның белсенді рөлін тағы да құптады.

Сол күні қазақстандық делегация аралас нысанда, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Сирия жөніндегі кезектен тыс отырысына қатысты - БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Джеффри Фельтманның Сириядағы жалпы жағдай туралы брифингі және БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық істер жөніндегі орынбасары Марка Лоукоктың ү.ж. 9-12 қаңтарда Сирияға жасаған сапары туралы баяндамасы бір уақытта тыңдалды.

Ол БҰҰ-ның сириялықтардың қамқорлығымен Сирия қақтығысын саяси жолмен реттеу мақсатында Женева процесі шеңберінде қақтығыстың барлық тараптарымен жұмысты жалғастыратынына уәде берді.

М.Лоукок 9-12 қаңтар аралығындағы сапары 2015 жылдың желтоқсанынан бергі БҰҰ-ның өкілінің Сирияға жасаған алғашқы сапары екенін атап өтті. Бұл сапар 7 жылғы соғыстың салдарын жеке көзімен көруге мүмкіндік берді. Ол медициналық көмегінсіз Шығыс Гутта анклавында қалған 400 мың адамның тағдырына алаңдаушылық білдірді.

Қазақстанның Тұрақты өкілі Қайрат Омаров өз сөзінде Қазақстан сирияаралық келіссөздерді нығайтуға үлкен көңіл бөлетінін атап өтті және халықаралық қоғамдастықты қалыптасып келе жатқан саяси диалогқа үлес қосуға шақырды.

Қосылған : 23.01.2018, 12:25, Өзгертілген : 23.01.2018, 12:25