Малайзияда қазақстандық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселесі талқыланды

Куала-Лумпур, 2020 жылғы 6 наурыз – Елші Болат Иманбаев Малайзия қорларын басқару жөніндегі «Permodalan Nasional Berhad» (PNB) компаниясының төрайымы доктор Зети Ахтар Азизмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат сұхбасты ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының басты мазмұнымен таныстырыпсондай-ақ елде болып жатқан саяси өзгерістер мен экономикалық реформалардың мемлекет өмірінің барлық салаларындағы бағыт сабақтастығы саясатына сәйкес маңыздылығын атап өттіҚазақстанның экспорттықсауда және инвестициялық әлеуеті және экономиканың түрлі салаларыоның ішінде энергетикаденсаулық сақтауауыл шаруашылығықұрылысмұнай-газ саласытуризммашина жасау және т.бтуралы толық ақпарат берілді.

Елдің негізгі экономикалық көрсеткіштері туралы хабардар ете отырыпЕлші PNB компаниясын екіжақты бизнес-байланыстарды белсенді жолға қоюға және қазақстандық инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шақырды.

Тараптарсауда-экономикалық және инвестициялық мәселелердің нақты және жүйелі түрде шешу мақсатында үкіметаралық Бірлескен сауда-экономикалық комитетсондай-ақ Қазақстан-Малайзия Іскерлік кеңесі шеңберінде құрылған жұмыс топтарының өзара іс-қимыл тетіктерінің мүмкіндіктерін белсенді пайдалану қажеттігіне назар аударды.

Өз кезегінде, PNB Төрайымы екі ел арасындағы түрлі салалардағы ынтымақтастықты кеңейту үшін үлкен әлеуетті, оның ішінде қаржы бағытындағы білім беру саласында байланыстарды орнатудың маңыздылығын атап өтті.

Қосылған : 6.03.2020, 19:00, Өзгертілген : 6.03.2020, 19:00