Хорватия Парламенті қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияны және Қазақстан Республикасы мен ЕО арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады

2018 жылдың 2 ақпанында хорват Сабор депутаттары Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім-шартты бірауыздан ратификациялады.

Келісім Қазақстан-Еуропа ынтымақтастығының 29 саласын, соның ішінде қауіпсіздік, экономика, сауда, инвестиция, қаржы, денсаулық сақтау және басқа да салаларды қамтиды. Құжаттың іске асырылуы Қазақстанның жетекші сауда-инвестициялық әріптесі - Еуропалық Одақпен жоғары сапалы қарым-қатынасқа әкеледі.

Хорватия парламентіндегі дауыс беру Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толуына орайластырылған. Қазіргі уақытта Еуроодақ сыртқы сауда көлемінің жартысын және Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестицияларды есепке алады. Өткен жылы ҚР мен ЕО арасындағы сыртқы сауда айналымы 30 миллиард доллардан асты.

Хорватия парламентшілері Қазақстан мен Хорватия үкіметтері арасында қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтару туралы конвенцияны бірауыздан ратификациялады. Құжат екі ел арасындағы іскерлік ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.

Үстіміздегі жылдың мамыр айында Хорватияның вице-премьері мен экономика министрі Мартин Даличтің Астана экономикалық форумына жасаған сапары аясында Қазақстан мен Хорватия Үкіметтері арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қою жоспарланып отыр. Бұл келісім үкіметаралық комиссия құруды және іскерлік байланыстардың басқа маңызды механизмдерін көздейді.

Экономикалық саладағы, сондай-ақ Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау екіжақты келісімдерді жасасу қазақ-хорват ынтымақтастығының өсу бағытын нығайта түсуде. Өткен жылы Қазақстан мен Хорватия арасындағы сыртқы сауда айналымы сегіз есеге артып, 316,9 млн. Долларды құрады (2016 жылы - 38 млн. Доллар).

Қосылған : 2.02.2018, 13:35, Өзгертілген : 2.02.2018, 13:35