​Шетелге шығатын Қазақстан Республикасының туристеріне туристік қызметтегі сақтандыру бойынша жаднама

Қазақстандық туристердің мүддесін қорғау мақсатында 02.07.2018ж. № 166-VI «Сақтандыру мен сақтандыру қызметтері, бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен туроператор мен турагент жауапкершілігінің міндетті сақтандырудан шетелге шығатын туристің өзінің мүліктік мүддесін міндетті сақтандыруға көшуіне қатысты «Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілді.

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап шетелге шығатын туристі міндетті сақтандыруды болжанған сапарға шығатын елге және саяхаттау күнінің санына байланысты міндетті сақтандырудың үш бағдарламасының біреуімен шетелге шығатын туристің таңдауы бойынша сақтандыру компаниясының шығу туризмі саласындағы туроператор жүзеге асыратын болады.

Міндетті сақтандыру бағдарламасы бойынша сақтандыру аумағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 ж. № 260 қаулысымен белгіленді, мұнда әлемнің бүкіл елі көрсетілетін медициналық қызмет құнына байланысты міндетті сақтандыру бағдарламасы бойынша бөлінді.

Сақтандыру компаниясының шығу туризмі саласындағы туроператор төлеуі тиіс сақтандыру сыйақысының сомасы тікелей елге және туристің саяхаттау күнінің санына байланысты. Қазақстан халқында шетелге сапарлау сұранысының болуы есебінен сақтандыру құны күніне 1 - 1,8 АҚШ доллары/еуро қолжетімді диапазонында.

Сақтандыру төлемінің айырмашылығы үш сақтандыру бағдарламасы бойынша әртүрлі және 10 000 - 50 000 АҚШ доллары/еуро диапазонында белгіленді, бұл саяхаттау үшін олар таңдаған елдің аумағына кірген кезде туристерге қойылатын сақтандыру шарты бойынша сақтандыру өтемінің ең төменгі сомасы туралы халықаралық талапқа сәйкес келеді.

Сақтандыру жағдайы ретінде танылатын оқиғалар:

1) жазатайым оқиға;

2) күтпеген жерден асқынған ауру, денсаулық жағдайының кенеттен нашарлауы және (немесе) денсаулыққа елеулі зиянның алдын-алу немесе өмірге қауіпті жою үшін сақтандырылушыға жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетуді талап ететін созылмалы аурудың асқынуы.

Туристің өмірі мен денсаулығына залал келтіруге байланысты осы негізгі әлеуметтік тәуекелдер іске асқан жағдайда, олар туристке шетелде көрсетілетін қымбат тұратын қызметті төлеуден елеулі шығын әкелуі мүмкін.

Одан турөнім алынған шығу туризмі саласындағы туроператор сақтанушы, турист – сақтандырылушы, компания ассистансы мен сақтандырушы – сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиға басталған жағдайда, шетелде болған турист тікелей жүгінетін тұлғалар әрекет ететін сап құралады.

Тәжірибеде аталған механизм келесідей ретпен іске асырылатын болады.

Қазақстанның азаматы, турагент арқылы сатып алынатын турөнім және онда турист туристі міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандырылушы болуды қалайтын сақтандыру компаниясының атауы туралы мәлімет шығу туризмі саласындағы туроператорға жолданады, ол түпкілікті турөнімді қалыптастырған кезде болашақтағы саяхат үшін барлық қажетті құжаттарды ресімдейді, оның ішінде сақтандыру компаниясымен туристі міндетті сақтандыру шартын жасайды.

Туристі міндетті сақтандыру шартын жасау сақтандыру компанияларының ресми сайттары арқылы онлайн режимінде электронды әдіспен шығу туризмінің саласындағы туроператор жүзеге асыратын болады, бұл ретте сақтандыру компаниялары электронды түрдегі сақтандыру полисін және сақтандыру сертификатын ресімдейді.

Шығу туризмі саласындағы туроператор, сондай-ақ шетелге шығатын турист акцияның жүз проценті Ұлттық Банкке және сақтандыру компаниясына тиесілі коммерциялық емес ұйым жүзеге асыратын сақтандыру, қалыптастыру мен жүргізу бойынша Бірыңғай деректер базасынан сақтандыру полисінің бірегей нөмірі бар туристі міндетті сақтандыру шартын жасау туралы хабарламаны ұялы байланыс телефоны нөміріне немесе поштаның электронды мекенжайына хабарлама алу арқылы алады.

Қазақстандық турист саяхат жасау алдында турагент арқылы қолына құжаттардың толық пакетін, оның ішінде басып шығарылған түрдегі сақтандыру сертификатын (қажет кезде – сақтандыру полисін) алады, ол қадамдық нұсқаулық ретінде шетелде қиын жағдайға түскен туристің әрекетін реттейді. Сақтандыру сертификатында көзделген телефон нөмірімен немесе өзге қолжетімді байланыс құралымен сақтандырушы компанияның ассистансымен байланысқан турист қиын жағдайда өзін ойластырылмаған әрекеттерден және негізсіз шығыннан сақтайды.

Сақтандырудың ұсынылған жүйесінің артықшылығы туристер үшін айқын. Саяхат жасаудың барлық уақытында турист өмірі мен денсаулығына залал келтіруге байланысты әлеуметтік маңызды қатерден сақтандыруды қорғаумен қамтамасыз етіледі. Шетелде сақтандыру жағдайы басталған кезде турист медициналық қызмет, медициналық эвакуация/еліне қайтару және басқа шығындар төлемі бойынша шығындарды көтермейді, бұл шығындарды сақтандырушы туристке көмек көрсетуді ұйымдастыратын компанияның халықаралық ассистансы арқылы өтейді.

Қажет кезде қазақстандық турист бар міндетті сақтандыруға қосымша қорғауды қарастыра алады, мысалы, шетелге сапарды кейінге қалдырған, паспортын немесе жүгін жоғалтқан, шетелдегі азаматтық-құқықтық жауапкершілік кезінде, алайда оны шетелге шығатын тұлғаны ерікті сақтандыруды жеке сатып алу есебінен.

«Жазатайым жағдайдан сақтандыру» және «ауырған жағдайда сақтандыру» кластары кіретін «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға Ұлттық Банктің лицензиясы бар 29 сақтандыру компаниясының қазір 17-сі шетелге шығушыларды сақтандыруды ерікті түрде жүзеге асырады. Сонымен қатар Қазақстанның сақтандыру заңнамасында Қазақстан азаматының егер ол Қазақстан аумағынан демалу, емделу, жұмыс немесе оқу үшін уақытша шыққан жағдайда, шетелдік сақтандыру компаниясында сақтандырылу құқығы қарастырылған. Бұл кез келген Қазақстан азаматына сол сақтандыру өнімдерін таңдауға және оларды ол үшін барынша артықшылықты сақтандыру компанияларынан алуға мүмкіндік береді.

Туристі міндетті сақтандырудың тек ұйымдастырылған туризмге ғана таратылатынына ерекше назар аударамыз. Сапарды өздігінен жоспарлайтын туристерге сапарға шығу кезінде болжанбаған қаржылық шығынды болдырмау үшін ерікті тәртіппен шетелге шығатын тұлғалар үшін сақтандыру шартын жасау қадала ұсынылады.

Қосылған : 21.11.2018, 11:40, Өзгертілген : 21.11.2018, 11:45