Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мәселесі бойынша 2017 жылы атқарылған жұмысы туралы есебі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мәселесі бойынша 2017 жылы атқарылған жұмысы туралы есебі

1. Жалпы ережелер

1) Қызмет ұсынушы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Қазақстан Республикасының аумағында сыртқы саясат аясында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің субъектісі болып табылады.

2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 1-бабының 4-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер ҚР шет елдердегі мекемелермен көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, сыртқы саясат және сыртқы істер саласында 19 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Оның ішінде Сыртқы істер министрлігімен (бұдан әрі – СІМ) – 2, СІМ және шет елдегі мекемелермен – 2, шет елдегі мекемелермен – 15 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Мемлекеттік қызметтер саны

Тізілімге сәйкес, 2017 жылы Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызмет органдарымен 19 бағытта 234 299 мемлекеттік қызметтер көрсетілді:

1. «Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу және олардың паспорттарына қажетті жазбалар енгізу» бойынша – 5551 қызметтер;

2.«ҚР шет елдердегі мекемелерінің ҚР азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресімдеуі» бойынша - 605 қызметтер;

3.«Шетелде ҚР азаматтарын тіркеу» бойынша – 5385 қызметтер;

4.«Қазақстан Республикасының шетелдегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» бойынша – 893 қызметтер;

5.«ҚР кіруге және ҚР аумағы арқылы транзиттік өтуге визаларды беру, олардың мерзімін ұзарту» бойынша – 162 010қызметтер;

6.«Шетелдіктерге асырап алуға берілген ҚР азаматтары болып табылатын балаларды есепке алу» бойынша - 12 қызметтер;

7.«ҚР қызметтік паспорттарын беру» бойынша - 55 қызметтер;

8.«Консулдық заңдастыру» бойынша – 17 620 қызметтер;

9.«Кеме шетелде сатып алынған жағдайда ҚР Мемлекеттік Туы астында жүзу құқығына уақытша куәлік беру» бойынша - 3 қызметтер;

10. «ҚР шетелде орналасқан кемелеріне қатысты ҚР заңнамасында немесе ҚР қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген кез келген декларацияны немесе басқа құжатты жасау немесе куәландыру» бойынша - 0 қызметтер;

11. «ҚР шетелде орналасқан кемелері қираған жағдайда теңіз талабы туралы акті жасау» бойынша – 0 қызметтер;

12. «Шетелдіктерге Қазақстан Республикасына кіруге шақыруды ресімдеу» бойынша – 0 қызметтер;

13.«Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен кеткен және сол жерде тұрғылықты тұруға ниет білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау» – 578 қызметтер;

14.«Қайтып оралуға куәлікті ресімдеу» – 3254 қызметтер.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны

Мемлекеттік қызметтердің көбісі шетелде көрсетілуіне орай, мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасында орналасқан «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» арқылы беру мүмкін емес (2017 жылғы 26 маусымдағы Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметтерді іріктеу бойынша Ведомствоаралық комиссиямен мемлекеттік қызметтерді Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мақсатқа сай емес деп тану туралы шешімі).

Тегін және (немесе) ақылы түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны

Дипломатиялық қызмет органдарымен тегін түрінде 5 (бес) мемлекеттік қызмет көрсетілді, қалған 14 (он төрт) мемлекеттік қызметтер ақылы түрде көрсетілді.

Электронды және (немесе) қағаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны

ҚР дипломатиялық қызмет органдарымен 19 мемлекеттік қызмет
қағаз түрінде көрсетіледі.

Ең талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

2017 жылда Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызмет органдарымен жалпы көрсетілген 234 879 мемлекеттік қызметтердің ішінде, ең талап етілетін мемлекеттік қызмет:

  • «Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту»
    (162 010 мемлекеттік қызмет көрсетілді).

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жасалған жұмыс

1) Ақпарат көздері мен қол жетімді орындарымен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат

Қызмет алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы Министрліктің (www.mfa.gov.kz) және ҚР шет елдердегі мекемелердің интернет-ресурстарынан, «электрондық үкімет» (www.egov.kz) веб-порталдарынан, бірыңғай байланыс-орталығынан (1414) көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы

2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобасы Министрліктің www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында және www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталында жария талқылау үшін орналастырылған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобасы жария талқылау шараларынан өтіп, нәтижесі бойынша жеке және заңды тұлғалардың ескертулері мен ұсыныстары келіп түспеген.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидаларының талаптарына сәйкес, мүдделі қызмет алушылар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттар жобаларды жария талқылау үшін «электронды үкімет» веб-порталында (www.e.gov.kz) және Министрліктің www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылды.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету бағасы нормативтік-құқықтық бекіту мен «Консулдық алым ставкаларының, сондай-ақ жеделдігі үшін консулдық алым ставкасының ең төменгі және ең жоғары базалық мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 ақпандағы № 197 қаулысымен бекітілген, ақылы түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің құны ҚР Салық Кодексінің негізінде есептеледі.

Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызмет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат Министрлік пен шет елдердегі мекемелердің интернет-ресурсында және қабылдау бөлмелерінің ақпараттық стендтерінде көрсетілген.

  • 3.Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін жетілдіру бойынша іс-шаралар

1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері

«Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру» мемлекеттік қызметі жартылай автоматтандырылған («Автоматтандырылған жұмыс орны» (АЖО) құрылып, осы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері бойынша мәліметтер «Е-лицензиялау» мәліметтер дерекқорына енгізіледі).

Мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру мақсатында, Министрлікпен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру бойынша тиісті шаралар өткізілуде. Осы ретте, мемлекеттік қызмет стандарттарына көрсетілетін қызмет алушылардан талап етілетін қажетті құжаттардың санын қысқарту бөлігі бойынша өзгерістерді енгізу жұмысы атқарылды (ҚР СІМ-нің 09.12.2016 ж. № 11-1-2/584 бұйрығы. Әділет министрлігінде 08.02.2017 ж. № 14783 болып тіркелді).

Сонымен қатар 2017 жылдың 1 маусымынан бастап, Министрлік «АХАЖ» Тіркеу пункті» ақпараттық жүйесіне тікелей қосылу арқылы баланың туылуын мемлекеттік тіркеу енгізілді (қазіргі таңда шет елде ресімделетін туу туралы куәлік Жеке сәйкестендіру нөмірімен беріледі).

Шетелде ҚР азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында, Министрлікпен «SmarttravelKZ» мобильдік қосымшасы әзірленді. Аталған мобильдік қосымшада ҚР азаматтарын консулдық есепке тұру және СІМ-нің сайты арқылы консулдық есепке тұру мүмкіндігі жөнінде ақпараттандыру көзделген.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру

Мемлекеттік қызмет стандарттары «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2015 жылғы 8 мамырдағы № 11-1-2/177 бұйрығымен бекітілді (нормативті-құқықтық актілер Тізіліміне мемлекеттік тіркеуге № 14783 тіркелді).

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы
15 қыркүйектегі №11-1-2/422 бұйрығымен «Қайтып оралуға куәлікті ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерін ретке келтіру мақсатында, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне 9 мемлекеттік қызмет енгізілді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бақылау

1) Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар туралы ақпарат

2017 жылы қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағым келіп түспеді.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері туралы қорытынды

Министрлікпен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау тұрақты негізде жүргізіледі. Нәтижелері бойынша тоқсан сайын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрық ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасымен бекітілген, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау ережесінің формасына сәйкес есеп жолданды.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізу шеңберінде 2017 жылы Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінде бірқатар тексерістер жүргізілді.

Мемлекеттік қызметті көрсету мәселесі бойынша құқыққа қайшы келетін бұзушылықтарды алдын алу мақсатында, барлық шет елдердегі мекемелерінде келесі шаралар қолданылды:

1. «Сенім телефондары» орнатылды және келушілердің өкілдіктің басшысына тікелей шағымдануға мүмкіндік беретін жауапты қызметкерлер тағайындалды.

2. Қызметті алушылардың өтініштері мен тілектерімен жеке танысу үшін шет елдердегі мекеме басшысында қабылдау сағаты көзделген.

3. Шет елдердегі мекемелердің ақпараттық стендтерінде және
веб-сайттарында азаматтарды қабылдау, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тәртібі, консулдық алымның тарифтері, сондай-ақ электрондық мекенжайлар мен байланыс мәліметтері, лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне шағымдану тәртібі жөнінде ақпарат орнатылған.

4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында лауазымды тұлғалардың ағылшын немесе болу елінің тілінде Т.А.Ә. мен лауазымы көрсетілген бейджті тағу көзделген.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау нәтижелері

Мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысты есептік ақпарат Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне тоқсан сайын жіберіліп отырды.

4) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызмет ұйымдармен көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингі өткізілді.

Ұсыныстарды ескере отырып, Министрлік мемлекеттік қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыру үшін ҚР шет елдердегі консулдық мекемелерде «сенім телефонды» орнату, шет елдердегі мекеме басшысында қабылдау сағатын бөлу, шетел уәкілеттігінде ақпараттық стендтерінде азаматтарды қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелері мен консулдық алым тарифтары жөнінде, сонымен қатар лауазымды адамдардың электрондық поштасы мен байланыс контактілерін көрсету шаралары ұйымдастырылған.

Қабылданған іс-шаралардың арқасында шетелдегі мекемелердің интернет ресурстарында мемлекеттік қызмет стандарттары, регламенттері және паспорттары бойынша ақпарат толығымен жаңартылды.

Сондай-ақ, тиісті мағлұмат ҚР Елшіліктердің және консулдықтардың ақпараттық стендттерінде орналастырылған. Аталған ақпарат Министрліктің веб-сайтында орналасқан.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының тиімділігін одан әрі арттыру және қызметті алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру перспективалары

2018 жылы Министрлікпен мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мақсатында бірқатар жұмыстарды атқару жоспарлануда.

Атап айтқанда, мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру (автоматтандыру) бойынша іс-шаралар атқарылатын болады.

ҚР СІМ мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру бойынша Жұмыс жоспары бекітіліп, оның шеңберінде «Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есептен шығару» мемлекеттік қызметін Мемлекеттік корпорацияға тапсыру мәселесі пысықталуда.

Қосылған : 8.02.2018, 12:00, Өзгертілген : 8.02.2018, 12:00