Қазақстан мен Мажарстан арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың және қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды

НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 9 сәуір – Екі ел арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимыл және қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылау мақсатында Қазақстан Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Мажарстан үкіметінің Ұлттық қорғаныс өнеркәсібі, қорғанысты дамыту және қарулануды жаңғыртуды үйлестіру мәселелері жөніндегі уәкілі Гашпар Маротпен кездесті.

Сыртқы саясат ведомствосының басшысы екі елдің саяси үндестігі толық өзара түсіністік, ашықтык және өзара қолдаумен ерекшеленеді. Экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту және Қазақстандағы мажар инвестицияларын ұлғайту үшін қажетті алғышарттар жасалды. Екіжақты өзара іс-қимылдың басым салалары ретінде өнеркәсіп пен басқа да түрлі салалардағы ынтымақтастықты атап өту жөн.

Б. Атамқұлов ҚР Сыртқы істер министрлігіне инвестицияларды тарту және экспортты ілгерілету саласындағы қызметті үйлестіру бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру міндеттері жүктелгені туралы хабарлады.

Г. Марот өз тарапынан Қазақстан Мажарстан үшін Орталық Азиядағы негізгі әріптестердің бірі екенін және елімізбен сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға ниетті екенін атап өтті. Мажар саясаткері қорғаныс өнеркәсібі мен цифрлық технологиялар саласында екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту әлеуеті бар екенін айтты.

Кездесу барысында жарғылық капиталы 40 миллион АҚШ доллары құрайтын Қазақстан-Мажарстан тікелей инвестициялар қоры жұмысының оң нәтижесі және осы институттың әлеуетін қорғаныс-өнеркәсіптік кешендегі бірлескен жобаларды іске асыру үшін пайдалану мүмкіндігі атап өтілді.

Тараптар қорғаныс өнеркәсібін дамыту бойынша тәжірибе алмасуға және Қазақстан мен Мажарстан аумақтарында бірлескен кәсіпорындарды құру туралы диалогты жандандыруға уағдаласты. Бұл мәселе Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбанның Қазақстанға жоспарланған сапары барысында егжей-тегжейлі талқыланатын болады.

СІМ басшысы өзінің сұхбаттасын және мажар компанияларын 2020 жылы 28-31 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ұлттық павильонды ұйымдастырумен «KADEX-2020» халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесіне қатысуға шақырды.

Қосылған : 10.04.2019, 10:05, Өзгертілген : 10.04.2019, 10:05