Астана процесінің шеңберінде Сирия жөнінде сегізінші Халықаралық кездесудің қорытындылары туралы

Қазақстан Сирия бойынша Астана процесі аясында қол жеткізген жаңа уағдаластықтарды құптайды

АСТАНА, 2017 жыл 22 желтоқсан - Астанада өткен Сирия бойынша 8-ші халықаралық кездесудің қатысушылары сенімді нығайту шаралары туралы бірқатар құжаттарды келістірді және Сириядағы саяси процесті күшейтуді және терроризмді толық жоюды қолдады.

Екікүндік келіссөздердің қорытындысымен пленарлық сессияны аша отыра Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Сириядағы гуманитарлық жағдайды одан әрі тұрақтандыру мен жақсарту үшін кездесудің қорытындысын «өте маңызды және мазмұнды» деп бағалады. Отандық сыртқы саясат ведомствосының басшысы «Астана процесі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауымен жүзеге асырылады және барлық мүдделі тараптар үшін қолайлы, бірегей, жан-жақты формат болып табылады», - деп, ұрыс қимылдарын тоқтату тәртібінің алғашқы 12 айының негізгі нәтижелерін атап өтті.

Қазақстан тарапы сегізінші кездесудің қорытындысы бойынша Астана процесінің Кепілгер елдері, яғни Иран, Ресей және Түркия қабылдаған бірлескен мәлімдемені құптайды. Кепілгер елдердің «Ұсталғандарды/тұтқындарды босату, қаза тапқандардың денелерін тапсыру және хабарсыз кеткендерді іздестіру жөніндегі жұмыс тобының ережелері» мен «ЮНЕСКО мәдени мұрасы нысандарын қоса алғанда Сириядағы гуманитарлық минасыздандыру бойынша бірлескен мәлімдемені» мақұлдауы келіссөздердің елеулі алған басқаның көрсетті.

Астана процесінің алдағы өткен кезеңіне қатысқан кепілгер және байқаушы елдері делегацияларының басшыларын қабылдай отырып, Қазақстан Республикасы Президенті қамаудағы гуманитарлық саладағы және сенімді нығайту шаралары саласындағы Сирия азаматтарын босату сияқты нақты нәтижелердің маңыздылығына назар аударды.

Бүгін Сириядағы үкімет пен қарулы оппозиция бір-бірімен жақындасуға қадамдар жасайтынына үміт пайда болды, бұл Кепілгер мемлекеттердің осы бағыттағы келісілген әрекеттерін талап етеді. Сонымен бірге осы кезеңде мұқтаж болған халыққа, соның ішінде Астана процесінің нәтижесінде құрылған деэскалация аймақтарында көмек көрсету үшін халықаралық гуманитарлық миссиялардың оларға еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету маңызды болып тұр. Жақында Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде аталған дүниежүзілік ұйымның негізгі органының тиісті қарарын қолдады.

Сегізінші кезеңнің қорытынды құжатында ИГИЛ, «Джабхат ан-Нусра» және басқа да терроршыл ұйымдарды толық және түпкілікті жою мақсатында ынтымақтастықты жалғастыруға шешімділік білдірілді. Тараптар зорлық-зомбылықты азайту үрдісінің қайтымсыздығын қамтамасыз ету бойынша келісілген іс-шараларды жалғастырады. Сонымен қатар, атысты тоқтату тәртібін нығайту және төрт деэскалация аймақтарының тиімді қызметін қамтамасыз ету жөніндегі алдағы іс-әрекеттердің маңыздылығы атап өтілді.

Кепілгер мемлекеттер 2018 жылдың 29-30 қаңтарда Ресейдің Сочи қаласында Сирия қоғамының барлық буын өкілдерінің қатысуымен өтетін Сирия ұлттық диалогының конгресін дайындау және шақыру аясында белсенді ынтымақтасуға ниет білдіруде. Астанадағы сегізінші отырыстың қорытынды мәлімдемесі Сирия Араб Республикасының Үкіметі мен «Сирия мемлекетінің егемендігін, тәуелсіздігін, бірлігін, аумақтық тұтастығын қолдап, фракциялық емес сипатын» ұстанатын оппозиция өкілдерін белсенді ынтымақтасуға шақырады. Осы мақсатта 2018 жылы 19-20 қаңтарда Сочиде Кепілгер үш мемлекет арнайы дайындық кездесуін өткізеді.

Сонымен қатар Сирия ұлттық диалогының конгресі «Женевадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының қамқорлығымен өтіп жатқан келіссөздер үдерісіне серпін беруге және өзара келісім негізінде Сирия арасында келісімдерге қол жеткізуге ықпал ететін бастама» ретінде қарастырылады.

Сирия бойынша Астана процесінің шеңберінде жоғары деңгейдегі алдағы халықаралық кездесу 2018 жылдың ақпан айының екінші жартысында өтеді.

Астана процесіне ұрыс қимылдарын тоқтату тәртібіне Кепілгер мемлекеттері - Иран, Ресей және Түркия, Сирия Араб Республикасының Үкіметі мен Сириядағы қарулы оппозицияның өкілдері, БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура бастаған делегациясы, сондай-ақ Иордания мен АҚШ өкілдері байқаушылар ретінде қатысты.

Қосылған : 22.12.2017, 23:50, Өзгертілген : 22.12.2017, 23:50