ҚР инвестициялық климаты туралы

Бүгінге кезде, Қазақстан 50бәсекелестікке қабілетті елдер қатарында.

Елде қолайлы инвестициялық климат жасалған, инвестицияларды тарту бойынша Ұлттық жоспар қабылданған, жеңілдетілген салық режимі әрекет етуде. Ел Дүниежүзілік Банкінің «Doing Business 2014» жаңартылған рейтінгінде 50-ші орында тұр. «Инвесторды қорғау» индикаторы бойынша Бәсекеге қабілеттіліктің жаһанды индексінде екі жыл қатарынан әлемдегі  185 елдің ішінен 10-шы орынға ие болды.

Қазіргі уақытта Қазақстан экономикаға шетел капиталының салыну көлемі бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады. 2005 жылдан 2013 жылдың 30 қыркүйек  аралығында, республика 177,8 млрд. АҚШ долл. тікелей шетел инвестицияларын тартты. Соңғы 5 жыл динамикасының көрсеткіші бойынша, осы аралықта жалпы инвестициялық сомадан 100 млрд. АҚШ долл. тартылды. Сонымен, елде дүниежүзілік қаржы дағдырыс жылдарында да инвестициялық климатымыз және макроэкономикалық жағдайымыз тұрақты болып қалып, инвесторлардың сенімін тудырды.

ҚР негізгі бәсекелестік басымдылықтарға Қытайдың, Ресейдің, Үндістанның тез өсіп келе жатқан нарықтарына географиялық жақын орналасуын жатқызады. Сонымен қатар, Қазақстан арқылы АТА-ны Еуропамен және Таяу Шығыспен қосатын негізгі трансконтинентальді бағыттар өтеді.

Кеден Одағының шеңберінде интеграциялық үдерістер маңызды рөл атқарады. Кеден Одағы ЖІӨ 2 трлн. АҚШ долл. және 170 млн. жуық халық тұратын бірыңғай тауар нарығын ашады, ол біздің елдердің инвесторлары мен кәсіпкерлеріне жаңа мүмкіншіліктер туғызады.

Қазіргі кезде, Қазақстанда шетел капиталының қатысуымен 10 мыңға жуық компаниялар жұмыс істеуде, соның ішінде Fortune – 500 тізіміне кіретін (Алкатель-Люсент, Альстом, Арева, Викат, Данон (Франция), ENI/Agip, Bonatti, Saipem, Augusta, Westland, Italcement (Италия), GE (АҚШ) компаниялары бар.

Инвесторлардың құқықтарын қорғау мақсатымен мемлекеттің инвесторлармен тікелей диалогты дамыту бойынша көпсатылы жүйе құрылды. Ол өзіне ҚР Президентінің Шетел инвесторлардың кеңесі, инвестициялық климатты жақсарту кеңесі, Премьер-Министрдің орынбасарының жетекшілігінде арнайы жұмыс органы, инвестициялық омбудсменнің принципі бойынша әрекет етуді қосады.

Қазақстан экономика саласында бірнеше стратегиялы бағдарламалық құжаттарды іске асыруда, мысалы индустриалды-инновациялық дамудың жылдамдатылған мемлекеттік бағдарламасы, «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы.

2050 жылға дейін өндірілген энергияның 50% баламалы және жаңартылған энергия көздерімен қамтамасыз етіліп отырады деп болжануда, ЖІӨ-нің қосымша өсуі 3% кем емес болады.

Қазақстанда жағымды инвестициялық климат құрылған. Инвестицияларды тарту бойынша Ұлттық жоспар қабылданған.

Ұлттық заңнамалар мен халықаралық-құқықтық база әрдайым жетілдірілуде, инвестициялық жеңілдіктер пакеті ұлғаюда.

ҚР «Инвестициялар туралы» Заңында инвесторлардың құқықтарының келесідей кепілдіктері бекітілген құқықтық қорғаудың кепілдігі, ұлттандыру және реквизиция болғандағы инвесторлардың құқықтарының кепілдігі (тек қана айрықша жағдайларда рұқсат етіледі).

Инвестицияларды көтермелеу және қорғау бойынша екіжақты келісімдер жасалды (олар: 47 екіжақты және бір көпжақты (ЕурАзЭҚ).

ҚР «Инвестициялар туралы» Заңына сәйкес, инвестор басым салаларда инвестицияларды жүзеге асырған кезде келесі жеңілдіктерге ие болады. Материалдар мен шикізаттарды, құрал-саймандарды елге кіргізген кездегі кедендік баж салықтарынан босатылу, мемлекеттік заттай гранттар.

Инвестициялық және стратегиялық жобалар үшін (жоғары баға қосылған тауарлардың өндірілуі басым салалардың қызметінде, жоғары технологиялық салаларда және ивестиция көлемі 5  млн АЕК-тен кем емес).

7 жылға дейінгі салық жеңілдіктері қарастырылған (жер және мүлік салықтары нөлдік төлеммен); әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен аймақтардағы өнеркәсіптік жеңілдіктер (газ, электроэнергия, жер телімін иеленуге, ғимараттарды иеленуге, құруға кеткен шығындарды өтеу).

10 арнайы экономикалық аймақтардың шеңберінде келесі жеңілдіктер берілген; жер салығы, мүлік салығы, АЭА аймағындағы тауарларға ҚҚС босатылу, жер телімін 10 жылға тегін жалға беру.

АЭА шеңберінде «инновациялық технологиялар паркі» ИТП жоғарыда көрсетілгендерге қоса келесі жеңілдіктер берген әлеуметтік салық 0% аумақтан тысқарылық принциптері – ИТП қатысушылары АЭА аумағынан тыс жерде болуы мүмкін және ҚҚС-тан басқа салық жеңілдіктермен қолдана алады, бағдарламалық қамтамасыз етудің амортизациялық нормасы - 40% (стандарт – 15%).           

Қосылған : 3.07.2014, 22:57, Өзгертілген : 3.07.2014, 22:57