Қазақстанның Елшісі Хорватия мүфтиімен кездесті

2018 жылғы 5 ақпанында Қазақстан Республикасының Хорватиядағы Елшісі Төлежан Барлыбаев Хорватия Ислам Қоғамы Жоғары Кеңесінің Төрағасы Әзиз Хасанович мырзамен кездесті.

Кездесу барысында дипломат Қазақстанда мемлекет пен дін арасындағы өзара іс-қимылдың оңтайлы үлгісі туралы, діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы жетілдіру жөнінде қабылданған шаралар туралы мәлімет берді. Осы тұрғыда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бастамасымен қоғамдық санасын жаңғырту бағдарламасының маңыздылығы атап өтілді. Зайықтық дәстүрлер - толеранттылыққа, ізгілік пен бейбітшілікке, көпконфессиялы қазақстандық қоғамның барлық азаматтарының құқықтарын құрметтеуге негізделген Қазақстанның ұзақмерзімді мұрасы туралы мәлімет берілді.

Ә. Хасанович 2018 жылы Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезіне қатысу ниетін растады. Ол Хорватияның мұсылман қауымы ислам дінінің рухани құндылықтарын дамытуда Қазақстан басшылығының тәсілдерін қолдайды деп атап өтті. Қазақстанның этносаралық келісімнің бірегей моделін қалыптастыру, Қазақстан халқы Ассамблеясын құру және басқа да тиімді институттар туралы оң тәжірибесін әсересе атады.

Кездесу нәтижесінде 2018 жылдың 2 наурызында Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына жоспарланған еуразиялық мұсылмандар Еуразия мұсылмандары форумында Мүфти Әзиз Хасанович басқаратын Хорватия ислам қоғамы делегациясының қатысуы туралы келісімге қол жеткізілді.

Қосылған : 5.02.2018, 15:45, Өзгертілген : 5.02.2018, 15:45