​Нұр-Сұлтан қаласы Лиссабонда ЮНВТО форумында Қалалық туризм жөніндегі ЮНВТО-ның 8-ші Жаһандық саммитінің өтетін орны ретінде ұсынылды

ЛИССАБОН, 2019 жылғы 5 сәуір - Белгілі болғандай, 2018 жылы Сеулде еліміздің астанасы Қалалық туризм жөніндегі ЮНВТО-ның 8-ші Жаһандық саммитінің өтетін орны ретінде бекітілген болатын. Бұл іс-шара 2019 жылы 7-11 қазан аралығында өтеді.

Осы түпмәтінде, 2019 жылғы 5 сәуірде Лиссабонда Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов Қалалар мэрлері мен ЮНВТО мүше-елдерінің туризм министрлерінің форумында Нұр-Сұлтан қаласын ұсынды.

Форум шеңберінде «Ақылды қалалар, ақылды бағыттар» атты тақырыпта Б.Сұлтанов пен ЮНВТО Бас хатшысы Зураб Пололикашвили арасында Қалалық туризм жөніндегі ЮНВТО-ның 8-ші Жаһандық саммитін өткізу туралы келісімге қол қойылды.

Сонымен қатар, саммит Халықаралық конгрестер мен конференциялар қауымдастығы (ICCA) ұйымдастыратын, Іскерлік туризм индустриясы (MICE) бойынша мастер-класстарды қамтитын болады.

ЮНВТО-ның Бас хатшысы форумға қатысушылар алдында қазақстандық делегацияны Қазақстанның жаңа және осындай ұлы атаумен құттықтап, қала өзінің 20 жылдық тарихында ЭКСПО-2017 көрмесі сияқты халықаралық шаралардың өткізу алаңына айналғанын атап өтті. «Бұған сіңген зор еңбек Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі», - З.Пололикашвили баса айтты.

Қосылған : 5.04.2019, 18:00, Өзгертілген : 5.04.2019, 18:00