Қазақстан Польша парламентшілерін Еуразиялық кеңістіктегі парламентаралық диалогқа қатысуға шақырды

«Қазақстан-Польша» парламентаралық достық тобының жетекшісі Сапар Ахметов бастаған қазақстандық парламентшілердің делегациясы 2019 жылғы 14-15 наурызда Варшаваға жасаған сапардың аясында Польша Республикасы Сеймінің вице-спикері Рышард Терлецкиге және Сенаттың вице-спикері Богдан Борусевичке 2019 жылғы 23-24 қыркүйекте Астанада өтетін «Үлкен Еуразия: Диалог, Сенімділік, Серіктестік» тақырыбындағы Еуразия елдерінің парламенттері спикерлерінің Төртінші мәжілісіне қатысу үшін шақыруды тапсырды.

Аталған шақыруды поляк парламентшілеріне тапсыру барысында С.Ахметов «Алдағы форум Еуропа мен Азия мемлекеттері арасындағы өзара іс-қимылдың маңызды мәселелерін талқылаудың тиімді алаңы болады» деп баса айтты.

Қазақстандық парламентшілердің сапары «Польша-Қазақстан» парламентаралық ынтымақтастық тобының төрайымы, Польша Парламенті Сеймінің депутаты Барбара Бартущтың шақыруы бойынша өтті. Оның шеңберінде Сейм және Сенаттың вице-спикерлері Рышард Терлецки және Богдан Борусевичпен, «Польша-Қазақстан» ынтымақтастығы тобының мүшелері, оның басшысы Б.Бартущ, Сеймнің Сыртқы істер жөніндегі комитетінің төрағасы Гжегож Схетына, Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының (ПАСЕ) жанындағы Польша парламенттік делегациясының басшысы Влоджимеж Бернацкимен келіссөздері өткізілді.

Кезедесулердің барысында С.Ахметов «Польша отандық экспортты жылжыту және жоғары сапалы шетелдік инвестицияларды тарту тұрғысынан ЕО аймағындағы Қазақстанның перспективті серіктестердің қатарына кіреді. Осылайша, соңғы 3 жылда екіжақты сауда айналымының көлемі 3 есе өсіп, 2018 жылдың қорытындысы бойынша 2 миллиард еуро көлемінде психологиялық белгісін сенімді артты», - деп атап өтті.

Өз кезегінде, поляк парламентшілері Қазақстан Парламент депутаттарын 2019 жылдың 4-5 маусымда Варшавада өтетін Орталық және Шығыс Еуропа парламенттері спикерлерінің 4-ші Саммитіне қатысуға шақырды.

Сондай-ақ, тараптар әлемдік және аймақтық саясаттың маңызды аспектілерін, Астана мен Варшава арасындағы көпжақты ұйымдар аясындағы өзара қарым-қатынастың жай-күйін талқылады. Поляк саясаткерлері Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қаруды таратпау және қарусыздану, терроризммен күрес, халықаралық шиеленісті азайту саласындағы маңызды жаһандық бастамаларымен таныстырылды.

Польшадағы биылғы жылы мамыр айында өтетін Еуропалық парламентке сайлауы мен ұлттық парламентке күзгі сайлауы тараптардың ішкі саяси тақырыптар бойынша диалогының арқауы болып табылды.

С.Ахметов пен Мәжіліс депутаты С.Звольский Қазақстанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVIII-съезінде ұсынған серпінді әлеуметтік бастамаларды іске асыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатқаны туралы айтып берді.

Аталған нұсқаулықтарды ескере отырып, сапар бағдарламасына озық технологияларды пайдаланатын, сол арқылы Польша агроөнеркәсіптік кешеніне Еуропалық Одақтың жетекші позицияларына ұстап тұруға мүмкіндік беретін өңдеу ауылшаруашылық кәсіпорындарына бару енгізілді.

Бұдан басқа, өңірлік даму, жергілікті өзін-өзі басқару және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық реформалар саласындағы поляк тәжірибесін зерттеу мақсатында, қазақстандық депутаттар Варшаваның Вице-мэрі Рената Казновскамен және Пясечно қаласының (Мазовецк воеводствосы) бургомистры Даниэль Путкевичпен кездесуді өткізді.

Жалпы, тараптар екі жақты саяси, сауда-инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйіне оң баға беріп, сондай-ақ, тараптардың Қазақстан-Польша өзара іс-қимылының достық және прагматикалық сипатын, екі ел халықтарының игілігі үшін саяси, оның ішінде парламентаралық байланыстарды одан әрі кеңейтуге бағытталғанын атап өтті. Өзара қарым-қатынастың маңызды арнасы ретінде соңғы жылдары тұрақты оң динамика бағыланатын парламентаралық ынтымақтастық айқындалды.

Қосылған : 15.03.2019, 15:00, Өзгертілген : 15.03.2019, 15:00