Киевте Қазақстан мен Украина Сыртқы істер министрліктері арасында консультациялар өтті

КИЕВ, 2019 жылғы 11 шілдеде – Украинаның астанасында халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара әрекеттесу мәселелері бойынша салалық департамент директорлары деңгейінде Қазақстан мен Украина Сыртқы істер министрліктері арасында консультациялар өтті.

Келіссөздер барысында БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша тыңғылықты пікір алмасылды.

Тараптар екі елдің сыртқы саяси ведомстволары желісі бойынша өзара іс-қимылды нығайтуға және байланыстарды одан әрі жалғастыруға мүдделілігін растады.

Қосылған : 12.07.2019, 10:00, Өзгертілген : 12.07.2019, 10:00