Лондонда ҚР Елшілігі кеңес жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты

ЛОНДОН - 9 мамырда Ұлыбританияның империялық мұражайының жанындағы паркте Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қаза тапқан кеңес жауынгерлеріне арналған ескерткішке жыл сайынғы гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шара кеңестік әскери еске алу Қорының және Лондонның Саутуарк ауданы басшылығының қолдауымен ұйымдастырылып, Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 74-жылдығы аясында өткізілді.

Рәсімге Қазақстанды қоса алғанда, бірнеше елдердің дипломатиялық миссияларының басшылары, Саутуарк ауданы әкімдігінің басшылығы, қоғамдық және ардагерлер ұйымдарының өкілдері қатысты. Іс-шара соңында қатысушылар Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Ресми рәсімнен кейін дипломатиялық корпус «Жеңіс үшін тост» атты бірлескен іс-шара ұйымдастырып, барлық ардагерлер мен қонақтар ұлттық тағамдардан дәс тартты.

Лондондағы фашизмге қарсы күресте қаза болған кеңес жауынгерлері мен азаматтарына арналған ескерткіш 1999 жылғы 9 мамырда Ұлыбританияның империялық мұражайының жанындағы паркте ашылған болатын. Ескерткіш – жоғары жағында қоңырау орналасқан басын төмен иген биіктігі үш метр болатын әйелдің бейнесі бар қола монумент. Ескерткіштің табанында естелік жазба қалдырылған гранитті плита орналасқан. Естелік гранитті плитада фашизмді жеңуге үлес қосқан Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь және т.б. елдерден әкелінген топырақ бар.

Қосылған : 9.05.2019, 16:25, Өзгертілген : 9.05.2019, 16:25