Куба мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастарды қалыпқа келтіруді бастауға қатысты ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі

Куба мен АҚШ Қазақстанның байырғы әріптесі болып табылады, олармен біздің Тәуелсіздік алған сәттен бастап толыққанды әріптестігіміз дамуда. Осыған байланысты, Қазақстан екі елдің дипломатиялық қарым-қатынастарды қайта жаңғырту және Куба мен АҚШ халықтары арасындағы байланысты жолға қою жөніндегі қадамдарын құптайды.

Қазақстан аталған қадам тату көршілік және толыққанды ынтымақтастық рухында екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі қалыпқа келтіруге жәрдемдеседі деп үміт білдіреді.

Қосылған : 18.12.2014, 17:24, Өзгертілген : 18.12.2014, 17:24