ҚР СІМ-нің сауда-экономикалық және инвестициялық бағыттардағы жұмысы Сенатта өткен Дөңгелек үстел барысында талқыланды

Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік» жолдауын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатында «ҚР экономикасына инвестиция тартудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті. Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың өкілдері Қазақстан Республикасына инвестиция тарту мен оның ахуалына қатысты мәселелерді талқылады.

Іс-шараны аша отырып Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитеттің төрағасы Асқар Бейсенбаев Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында шетелдік инвестиция тарту есебінен соның ішінде «Астана» Халықаралық қаржы орталығының шеңберінде қаржы ресурстарын тарту Қазақстанның өңірлік көшбасшылығын сақтап қалу міндетін қойғанын баса айтты.

А.Бейсенбаев халықаралық ынтымақтастық шеңберінде ұлттық экономикалық мүдделерді қорғауды және ілгерілетуді қамтамасыз етуге шақырды, ол үшін «экономикалық дипломатияны» жандандыру қажет.

Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді іс-шараға қатысушыларды сыртқы саяси ведомствоның Елбасының Жолдауын іске асыру бойынша атқарып жатқан жұмыстары, атап айтқанда «экономикалық дипломатияны» инвестициялық-экспорттық бағытта қайта форматтау жөніндегі жайлы ақпараттандырды.

М.Тілеубердінің пікірінше, СІМ-нің рөлі барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын сыртқы деңгейдеоң үйлестіру болып табылады. Ол үшін сыртқысаяси ведомствоның шетелдік бизнес қауымдастықпен «алғашқы байланыс тұлғасы» және «байланыстырушы буын» ретіндегі барлық әлеуеті жұмылдырылады. Бұл жұмысқа шет елдердегі мекемелер, басым елдердегі инвестициялық кеңесшілер, сондай-ақ Қазақстанның құрметті консулдары қатысады.

Сондай-ақ М.Тілеуберді ҚР Мемлекет басшысының өзіэкономикалық дипломатияны дамытуға айрықша көңіл бөлетінін атап өтті. Шет елдерге жасайтын барлық ресми сапарларында оның шет елдердің бизнес қауымдастығымен жеке кездесулері көзделіп, коммерциялық келісімдерге қол қойылады.

Бұдан басқа, М.Тілеуберді Қазақстанның сыртқы саяси ведомствоның екіжақты Үкіметаралық комиссиялар мен шет елдермен Іскерлік кеңестердің, жұмысын үйлестірудегі, сондай-ақ шетелдік қатысушыларды ҚР-дың өңірлік инвестициялық және экономикалық іс-шараларына тартудағы және еліміздің визалық режимін ырықтандырудағы рөлі туралы айтты.

Сонымен қатар, М. Тілеуберді СІМ қызметіндегі ең маңызды бағыттардың бірі халықаралық қаржы ұйымдарымен: Дүниежүзілік банк тобымен , Халықаралық қайта құру және даму банкімен , Халықаралық валюта қорымен , Азиялық даму банкімен , Еуропалық қайта құру және даму банкімен , Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкімен және Ислам даму банкімен өзара іс-қимыл болып табылатынын атап өтті.

Бұдан өзге, М.Тілеуберді ҚР СІМ басқа да уәкілетті мемелекеттік органдармен бірлесіп шетелдік инвестицияларды тартуда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттары мен үздік тәжірибелерін енгізу бойынша мақсатты жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлады.

Өз баяндамаларымен ҚР-дың басқа да орталық мемлекеттік органдары мен ұлттық компанияларының өкілдері сөз сөйледі.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға жолданатын және алдағы заң шығарушылық жұмыс барысында ескерілетін ұсыныстар қабылданды.

Қосылған : 10.11.2017, 12:00, Өзгертілген : 10.11.2017, 12:00