ҚР Моңғолиядағы Елшісі Қ.Қобландин Моңғолияның Денсаулық сақтау министрі Д.Сарангэрэлмен кездесті

2019 ж. 5 наурызда Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Қ.Қобландин Моңғолияның Денсаулық сақтау министрі Д.Сарангэрэлмен кездесті.

Қ.Қобландин моңғол тарапын ҚР Президенті Н.Назарбаев ү.ж. 27 ақпанда «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде жариялаған Қазақстанда денсаулық сақтау саласын жақсарту шараларымен таныстырды.

Сонымен қатар, Алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем жөніндегі ғаламдық конференцияда (2018 ж. 25-26 қазан, Астана) қабылданған Астана декларациясы бойынша 2019 ж. мамырда ұйымдастырылатын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДҰҰ) ассамблеясының 72-сессиясында және ү.ж. қыркүйекте Нью-Йоркте жоспарланған БҰҰ Бас Ассамблеясында мемлекет басшылары қатысатын жоғары деңгейдегі кездесуде тиісті резолюцияларды әзірлеу жұмыстары талқыланды.

Д.Сарангэрэл ханым моңғол тарапының ДДҰ және БҰҰ аясында Астана декларациясын ең жоғары деңгейде бекітуге бағытталған осы резолюцияларға тең автор ретінде міндетті түрде қосылатынын хабарлады.

Екі мемлекеттің арасындағы медицина саласындағы өзара әрекеттестіктің басқа да мәселелері қарастырылды.

2019 ж. 5 наурызда Нью-Йоркте БҰҰ Статистикалық комиссияның 50-сессиясы шеңберінде ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің төрағасы Н.Айдапкелов моңғол делегациясының басшысымен бірге ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті және Моңғолияның Ұлттық статистика комитеті арасындағы өзара түсінушілік туралы меморандумға қол қойды.

Аталған құжат екі мемлекеттің арасындағы санақ жүргізу саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған.

Қосылған : 11.03.2019, 12:45, Өзгертілген : 11.03.2019, 12:45