Қазақстанның өкілетті делегациясы ЕҚЫҰ Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының жыл сайын өткізілетін жиналысына қатысады

АСТАНА, 2018 жылғы 10 қыркүйек - 2018 жылғы 10-21 қыркүйек аралығында Варшавада өтетін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының (ЕҚЫҰ ДИАҚБ) ұйымдастыруымен ЕҚЫҰ адами өлшем саласындағы міндеттемелердің орындалуына шолу жөніндегі жыл сайын өтетін жиналысқа еліміздің бірқатар мемлекеттік органдары өкілдерінен құралған өкілетті делегациясы қатысады.

ҚР Сыртқы істер министірлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Жалғас Әділбаевтың басшылығымен баратын ресми делегацияның құрамына Қазақстан халқы Ассамблеясы, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы, Орталық сайлау комиссиясы, Бас прокуратура, сыртқы істер, ақпарат және коммуникациялар, қоғамдық даму, ішкі істер министірліктерінің өкілдері қатысады. Сонымен қатар, жиналыстың жұмысына еліміздің өңірлерінен жиналған үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуы көзделген.

Жалпы іс-шараға ЕҚЫҰ-ның 57 мүше елдерінің ұлттық делегациялары, құқық қорғау ұйымдарының, үкіметтік емес сектордың, академиялық топтардың және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысулары күтілуде. ЕҚЫҰ жиналысы аясындағы ұйым кеңістігінде адам құқықтарының жағдайы, адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, заң үстемдігі, сот жүйесінің тәуелсіздігі, сөз және БАҚ бостандығы, жиналыс өткізу еркіндігі, ұлттық азшылықтардың құқықтары, демократиялық сайлау өткізу, діни наным-сенім бостандығы, гендірлік тепе-теңдік, адам саудасына қарсы күрес және т.б. мәселелер талқыланатын болады.

Жиналыс шеңберінде Қазақстан делегациясының мүшелері ЕҚЫҰ бойынша серіктестеріне еліміздің сот және құқық қорғау жүйесін, сондай-ақ ұлттық заңнамамызды реформалау барысы туралы, адам құқықтары мен заңдылықты қамтамасыз ету саласындағы міндеттемелерді орындау, қоғамды одан әрі демократияландыру, этносаралық келісім мен гендерлік теңдікті ілгерілету туралы хабардар ететіндігі күтілуде.

Сонымен қатар, Қазақстан өкілдері ЕҚЫҰ кеңістігіндегі адам құқықтарына қатысты шешілуді талап етіп отырған ең өзекті мәселелерге, атап айтқанда діни және ұлттық азшылықтардың жағдайы, адам саудасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, мигранттардың ахуалы және төзімсіздікті жою сияқты мәселелерге назар аударуды жоспарлап отыр.

Қосылған : 10.09.2018, 18:15, Өзгертілген : 10.09.2018, 18:15