Қазақстанның Бретань аймағының астанасы Ренн қаласындағы Құрметті консулдығының салтанатты ашылуы

13 желтоқсанда Францияның Бретань аймағының астанасы Ренн қаласында Қазақстанның Құрметті консулдығының салтанатты ашылуы өтті. Ренн-Алматы бауырлас қалалар комитетінің қазіргі төрағасы Жанар Авард-Түребаева Құрметті Консул болып тағайындалды.

Салтанатты рәсімге Ренн қаласы әкімшілігінің өкілдері, Ренн-Алматы бауырлас қалалар комитеті, іскерлік және мәдени орталықтар, сондай-ақ аймақтық БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстанның Франциядағы Елшісі Жан Ғалиев өз сөзінде Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың негізгі кезеңдерін, көпұлтты және көпконфессиялы елдің бітімгершілік саясатын, сондай-ақ Астананың халықаралық бастамаларын ұсынды. Ол 2018 жылдың маусымында Астана мен Париж арасындағы стратегиялық серіктестіктің 10 жылдығы аясындағы негізгі жетістіктерін атап өтті. «Алматы мен Ренн экономикалық, мәдени және білім беру салаларында тығыз байланыс орнатқан. Қазақстанның Құрметті консулы екі елдің компаниялары арасындағы тікелей қарым-қатынастарды кеңейтуге, сондай-ақ аймақаралық ынтымақтастықты үздіксіз дамытуға ықпал ететін болады», - деді Жан Ғалиев.

Іс-шара аясында Қазақстан Елшілігі «MPL» қоғамдық ұйымының бастамасымен, ұйым басшысы Лариса Индуджянның қатысуымен алматылық суретшілері Гүлфайрус Исмаилова, Марат Бекеев, Андрей Нода және мүсінші Эдуард Казарянның «Шаңырақ - аспан» атты заманауи өнер көрмесін, сондай-ақ 20-шы ғасыр ортасында жасалған түскиіздер көрмесін ұйымдастырды. Ренн жұртшылығы көрмені жылы қабылдады.

Салтанатты рәсім барысында ҚР Елшісі «Қазақстан шетелдік БАҚ өкілдерінің көзімен» атты байқауға қатысқан «Ouest France» аймақтық газетінің тілшісі Карин Шерлонэ Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қ.Абдрахмановтың дипломымен марапатталды.

14 желтоқсанда Елші Жан Галиев Құрметті консул Жанар Түребаева, ҚР Елшілігінің дипломаттары және Бауырлас қалалар комитетінің өкілдерімен Алматы атындағы бағында 2016 жылы құрылған ұлы ақын, жазушы және ойшыл Абай Құнанбаевтың мүсініне гүл қою рәсіміне қатысты.

Іс-шара барысында Бауырлас қалалар комитетінің ардагері Раймонд Вале Комитеттің құрылу тарихының негізгі кезендерін және екі қала арасындағы өзара қарым-қатынастардың дамуымен бөлісті. Қонақтар Абайдың өлеңдерін түпнұсқа және француз тіліне аударылған оқып, қазақ халқының данышпан ұлының қара сөздерін келтірді.

Бретандегі «Қазақ күндері» бағдарламасы «Астана» және «Ренн» футбол командаларының жарысымен толықтырылды.

Қосылған : 19.12.2018, 16:00, Өзгертілген : 19.12.2018, 16:00