Қазақстаннның Мексикадағы Елішісі Андриан Елемесов КАРИКОМ Бас хатшысы Ирвин ЛаРокқа оны Қазақстан Республикасының КАРИКОМ жанындағы өкілетті өкілі ретінде аккредиттейтін вербалдық нотаны тапсырды

Джорджтаун, 2019 жылғы 20 наурыз - Қазақстаннның Мексикадағы Елішісі Андриан Елемесов Гайана Кооперативтік Республикасындағы Кариб қауымдастығының (КАРИКОМ) штаб пәтерінде ұйымның Бас хатшысы Ирвин ЛаРокқа оны Қазақстан Республикасының КАРИКОМ жанындағы өкілетті өкілі ретінде аккредиттейтін вербалдық нотаны тапсырды.

Бас хатшы И. Ларокпен келіссөздер аясында еліміздің КАРИКОМ-мен көпжақты деңгейдегі ынтымақтастығының қазіргі ахуалы және даму перспективаларын талқыланды. Ол Қазақстанмен жүзеге асырылып жатқан, ядролық қарусызданыру, терроризмге қарсы күрес, жанжалдарды реттеу және климаттың өзгеруін болдырмау салаларын қоса алғанда, халықаралық алаңдар шеңберіндегі бастамаларын қанағаттанарлықпен атап өтті. Бас хатшы КАРИКОМ елдеріне гуманитарлық көмек және экологиялық жобаларды іске асыру бойынша соңғы жылдар ішіндегі Қазақстанның қолғабысы үшін алғысын айтты.

И.ЛаРок Қазақстан мұнай-газ өндіруші және экспорттаушы елдер қатарына кіретіне қарамастан, жасыл технологиялар енгізу және жаңартылатын энергия көздерін ілгерілетудегі рөлін баса айтты. Ол «Болашақ энергия» тақырыбына өткен Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмеге КАРИКОМ ресми делегациясының қатысуы және Кариб елдерінің жеке павильонының ашылуы екіжақты байланыстарды жандандыруға ықпал еткенін атап өтті.

Сонымен қатар, И.Ларок Ұйымының Қазақстанмен қарым-қатынастарын жаңа сапалы деңгейге шығару мақсатында жаһандық жылыну, әлемдік мұхиттың ластануын тоқтату, шөлейттенуге қарсы кұрес салаларында ынтымақтастықты кеңейту қажеттілігін айтты.

Қазақстандық дипломаттың Джорджтаун қаласына сапары аясында Гайананың Вице-президенті, Сыртқы істер министрі Карл Гриниджпен кездесуі де өтті. Келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, туризм салаларда және консулдық мәселелер бойынша екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібі талқыланды.

Қосылған : 20.03.2019, 12:00, Өзгертілген : 20.03.2019, 12:00