Қазақстандағы мемлекеттік қызметтің жағдайы жайлы ЭЫДҰ-ның зерттеуі қорытындыларымен таныстыру

18 желтоқсан күні Париж қаласында ЭЫДҰ штаб-пәтерінде ҚР Президенті Әкімшілігі, Мемлекеттік қызмет саласындағы Аймақтық хаб, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің өкілдері қатысумен «Қазақстандағы мемлекеттік қызметтің реформалары: ЭЫДҰ мемлекеттерімен салыстырмалы талдау» атты ЭЫДҰ шолу жобасын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

Бұл зерттеу Мемлекеттік қызмет саласындағы Аймақтық хаб және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қатысуымен өткізілді. Зерттеудің негізгі мақсаты Қазақстандағы мемлекеттік қызметтің құрылымын, адам ресурстарын басқару, мемлекеттік қызметшілерді жұмысқа алу, еңбек ақы төлеу, уәжделеу жүйелерін ЭЫДҰ мемлекеттерімен салыстырып қарау болды.

ЭЫДҰ Мемлекеттік сектордың реформалары бойынша департаментінің директоры Э.Лау Қазақстанның мемлекеттік қызмет саласында ең таңдаулы практикаларды, оның ішінде кәсіпқой мемелекеттік қызметшілер (А корпусы), құзіреттердің біріңғай шеңбері, меритократия принципі сияқтыларды ілгерілетудегі прогресін атап өтті. Сонымен қатар, ЭЫДҰ сарапшылары енгізілетін реформалардан мүмкін тәуекелдерді тереңірек талдау және олар үшін тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін бекіту қажет деп есептейді.

Мемлекеттік қызмет саласындағы Аймақтық хабты басқару комитетінің төрағасы Алихан Байменовтың ойынша, аталған шолуды еңбек ақы дейгейлері бойынша ЭЫДҰ мемлекеттерімен салыстырмалы мәліметтермен толықтырса тартымды болар еді. Ол осындай талдау мансабтық және позициялық мемлекеттік қызмет жүйелерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін айқындайды деп санайды.

Сонымен қатар, Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің өкілдері қатысушыларға «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, сондай-ақ ведомствоның электронды үкімет шеңберіндегі жұмысын таныстырды. ЭЫДҰ сарапшылары үкіметтердің цифрлануын толықтай қолдайтынын және бағдарламада қолданушыға бағытталу, үлкен мәліметтерді қолдану, проактивті қызметтер және т.б. сияқты цифрланудың негізгі сипаттамалары көрініс тапқанын атап өтті. Қазақстанға ЭЫДҰ Е-көшбасшыларының келесі жыл сайынғы кездесуіне тәжірибе және ең озық практикалармен алмасу үшін қатысу ұсынылды.

Қосылған : 19.12.2017, 13:45, Өзгертілген : 19.12.2017, 13:45