Қазақстан Венада орналасқан негізгі халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайтуда 

ВЕНА, 2019 жылғы 6 мамыр – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың Аустрияға жасаған жұмыс сапары барысында БҰҰ Вена бөлімінің халықаралық ұйымдарының басшылары біздің елмен әріптестікті тереңдетуге мүдделі екендіктерін білдірді.

Сонымен, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Венадағы офисінің бас директоры, БҰҰ Есірткі және қылмыс бойынша (БҰҰ ЕҚБ) атқарушы директоры Ю. Федотовпен кездесу барысында есірткінің заңсыз айналымына, қылмыстылыққа, сыбайлас жемқорлыққа, ақшаны жылыстатуға, адам саудасына, экстремизм мен терроризмге қарсы күрес, сонымен қатар, Басқарманың қазақстандағы пенитенциарлық мекемелерде қамалғандарды дерадикализациялау бойынша жобасын іске асыру мәселелері талқыланды.

Ю. Федотов Қазақстан ЕҚБ-ның өңірдегі негізгі серіктесі болып табылатынын атап өтті. Осыған байланысты, Басқарма Қазақстанның өңірлік қауіпсіздікті қолдау жөніндегі сыртқы саяси бастамаларын, оның ішінде солтүстік бағыт бойынша Ауғанстаннан есірткінің таралуына қарсы іс-қимылда өңір елдерінің өзара іс-қимылының бірегей үлгісі болып табылатын Алматы қаласындағы Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының (ОАӨАҮО) қызметін барынша қолдайды.

Есірткі және олардың прекурсорлары саласындағы ғылыми және сот-медициналық зерттеулер үшін Ұлттық зертханалардың әлеуетін арттыру, сондай-ақ қылмыскерлердің жалған қазақстандық сәйкестендіру құжаттарын пайдалануын болдырмау үшін тиісті сарапшылардың біліктілігін күшейту саласындағы бірлескен жұмыстың нақты қадамдары талқыланды.

Кездесу соңында БҰҰ ЕҚБ басшысына Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Нәзір Төреқұлов атындағы «сыртқы саясатпен екіжақты байланыстардын нығайтуына қосқан үлесі үшін» жоғары марапаты табыс етілді.

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігіндегі (АЭХА) кездесу аясында Бас директор Юкия Амано ядролық саладағы тиімді ынтымақтастықты, оның ішінде еліміздің аумағында орналасқан АЭХА Төмен байытылған уран банкін іске қосуды атап өтті.

Агенттіктің басшысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының жаһандық қарусыздану мен оны таратпау ісіне қосқан үлесі мен рөлін жоғары бағалады.

Қазақстан мен АЭХА арасында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық, соның ішінде медицина, ауыл шаруашылығы, су ресурстарын басқару сияқты ядролық технологияларды қолдану салалары, сондай-ақ агенттіктің бұрынғы Семей полигонындағы ядролық сынақ қызметінің зардаптарын еңсеруге жәрдемдесу мәселелері талқыланды.

Ядролық сынақтарға жан -жақты тыйым салу туралы шарт жөніндегі ұйымының (ЯСЖТШҰ) Атқарушы хатшысы Лассина Зербо келіссөздер барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигонды жабу туралы тарихи шешімін ерекше атап өтті. Бұл шешім бүкіл әлем бойынша ядролық полигондарды жабу үрдісіне және 1996 жылы ЯСЖТШ-ны қабылдануына жол ашқаны ерекше назар аударды. Сонымен бірге, Қазақстан көсбасшысының 29 тамызды БҰҰ аясында Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні деп жариялау туралы бастамасы үшін ризашылығын білдірді. Тараптар ЯСЖТШ-ын жақын арада күшіне енгізу мақсатына жету бағытында нақты ынтымақтастық жоспарларын талқылады.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Б. Атамқұлов сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының өнеркәсіптік даму жөніндегі (ЮНИДО) Бас директоры Ли Юнмен кездесу өткізді.

Әлемде көптеген жобалары бар болғандығы ЮНИДО-ның кеңауқымды тәжірибе мен жоғары деңгейдегі кеңес беру қызметтеріне ие екенін дәлелі. Осы орайда, Қазақстан ЮНИДО-мен ынтымақтастық қатынастарын нығайтуға қызығушылық білдірді.

Министр бірінші кезекте отандық өнім үшін басымды нарық болып табылатын ҚХР-ға өнімдерді экспорттау мақсатында қазақстандық тауарларды стандарттау қажеттілігіне назар аудара отырып, осы үдерісте ЮНИДО тарапының қолғабысына құштарлық білдірді.

Өз кезегінде, Ли Юн «ЭКСПО-2017» көрмесін ұйымдастыру Қазақстанның тұрақты дамумен жасыл технологиялардың ілгерілеуіне қосқан үлесінің жарқын үлгісі екенін атап өтті.

Тараптар Қытайдың «белдеу мен жол» бастамасын іске асыруының жаһандық маңыздылығын, сондай-ақ Қазақстанның Азия мен Еуропа арасында көліктік-логистикалық дәліздерді ұсыну арқылы инфрақұрылымдары арасында өзара байланысты қамтамасыз етуге қосқан үлесін атап өтті. Сонымен қатар, тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға және басқа елдердің технологияларымен жұмыс істеуге көмек көрсету мақсатында Нұр-Сұлтан қаласында құрылуы жоспарланған инвестициялар мен технологияларды тарту бойынша (ITPO) ЮНИДО офисін ашу мәселесі де талқыланды.

ЮНИДО басшысы сондай-ақ дамудың технологиялық аспектілеріне, өндірістің тиімділігі мен сапасын арттыруға, мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік дамуын стандарттау мен цифрландырудың маңыздылығына назар аударды. Бұл тұрғыда ұйым ҚР Тұнғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың бастаған Қазақстан экономикасын жаңғыртуына және елдің индустриялық дамуына сараптамалық қолдау көрсетуге қызығушылық танытты.

Қосылған : 7.05.2019, 13:00, Өзгертілген : 7.05.2019, 13:30