Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың және Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының (ЯСЖТШҰ) Атқарушы хатшысы Лассина Зербоның Бірлескен мәлімдемесі

2019 жылғы 29 тамыз, Нұр-Сұлтан қаласы


  1. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жарияланған Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күнін мерекелеуге орай, біз ядролық сынақтардан  азат әлемге деген өз міндетімізді тағы да растап Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың (ЯСЖТШ) күшіне енуіне деген шешімімізді жаңартамыз.
  2. 29 тамыз - Қазақстан және халықаралық қоғамдастық үшін таңбалы күн. Ол 1991 жылы Семей ядролық полигонының жабылғандығын білдіреді. Бұл тарихи шешім сендірерлік саяси белгі беріп және 1996 жылы ЯСЖТШ-ның қабылдануына әсер еткен халықаралық күш-жігерге ықпал етті. Біз Қазақстанның ЯСЖТШҰ-ға көрсеткен және қазіргі уақытта да көрсетіп жатқан маңызды қолдауды жоғары бағалаймыз.
  3. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бұл шешімі биыл «Назарбаевтың ядролық қарусыз әлем үшін және жаһандық қауіпсіздігі үшін сыйлығы» марапаттау рәсімі аясында символикалық түрде көрініс табады.
  4. Осы жылы Қазақстан Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының (ЯСЖТШҰ) Атқарушы хатшысын және Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің (АЭХА) марқұм Бас директорын «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығын» тағайындау үшін сайлады. Бұл сыйлық ерекше мәнге ие. Ол Сыйлық иелерінің жаһандық ядролық қаруды таратпау мен қарусыздануға қосқан үлестерін белгілейді.
  5. Осы мүмкіндікті пайдаланып, АЭХА-ның Бас директоры Юкия Аманоның ұзақ уақыт бойы Агенттікті басқарып және 2019 жылғы шілде айында қайтыс болғанын еске алып құрмет белгісін білдіреміз. Біз оның ядролық қарудан азат әлем құру жолындағы еңбегі мен баға жетпес күш-жігерін мойындаймыз.
  6. Қазақстан мен ЯСЖТШ барлық мемлекеттерді ЯСЖТСШ күшіне енуіне ықпал жасау арқылы ядролық сынақтарды болдырмауға шақырады. 
  7. Біз Шартқа әлі қол қоймаған немесе оны ратификацияламаған мемлекеттерді тез арада мұны жасауға шақырамыз. Біз ЯСЖТШ 2-қосымшасынддағы енген қалған сегіз мемлекетті, олардың ратификациялары Шарттың күшіне енуі үшін қажет болғандықтан, осы маңызды қадамды жасау арқылы көшбасшылықты көрсетуге шақырамыз.
  8. Біз барлық мемлекеттерді 2019 жылы 9 қыркүйекте Нью-Йорк қаласындағы Біріккен Ұлттар Штаб-пәтерінде Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күнін атап өту іс-шарасына қатысуды шақырамыз.
  9. Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартты іске қосатын кез келді. Осы ұзақ жолдағы соңғы адымты жасап, қарусыздану мен таратпау саласындағы халықаралық инструменттердің бірін аяқтайық. Ол өзіміздің және болашақ ұрпақтардың алдындағы міндетіміз.
Қосылған : 29.08.2019, 20:00, Өзгертілген : 29.08.2019, 20:00