Қазақстанның Дубай және Солтүстік әмірліктердегі Бас консулы М.Меңілбеков Дубай әмірлігі билеушісі Кеңсесінің Бас директоры Мұхаммед әш-Шайбанимен кездесті

3 қазан айында Қазақстан Республикасының Дубай және Солтүстік әмірліктердегі Бас консулы Мадияр Меңілбеков Дубай әмірлігі билеушісі Кеңсесінің бас директоры Мұхаммед әш-Шайбанимен кездесті.

Кездесу барысында 1 қазанда Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылуына 25 жыл толғаны және ширек ғасыр ішінде екіжақты ынтымақтастық жаңа сапалы деңгейге көтерілгені атап өтілді.

Мұхаммед әш-Шайбани Астанадағы Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесінің табысты өтуімен құттықтап, әмірліктер тарапының осы көрмеге белсенді қатысқанына назар аударды. 2020 жылы Дубай қаласында кезекті «ЭКСПО» көрмесін ұйымдастыруда Астананың үздік тәжірибесі маңызды болатынын мәлімдеді.

Өз кезегінде, М. Меңілбеков сұхбаттасушыны Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында баяндалған еліміздің даму басымдықтарымен таныстырып, аталған құжаттың араб және ағылшын тілдеріндегі мәтінін тапсырды. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының негізгі тезистері туралы ақпарат берді.

Қосылған : 3.10.2017, 14:55, Өзгертілген : 3.10.2017, 14:55