​Қазақстан Орталық Азияда есірткі бизнесіне қарсы күрес саласындағы ынтымақтастыққа пейілділігін растады

ТАШКЕНТ, 2019 жылғы 2-3 мамыр – Өзбекстанның астанасында Орталық Азияда есірткіге бақылау саласында өңірлік ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қатысушы-тараптардың 11-ші шолу кездесуі өтті. Кездесуге Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан сыртқы істер министрлері, Әзербайжан, Қырғызстан және Түрікменстанның сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының атқарушы директоры және Ага Хан Даму желісінің өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес және нашақорлықтың таралуын болдырмауда Меморандумға қатысушы мемлекеттердің бірлескен пейілділігі расталды.

Қазақстан делегациясын ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді басқарды. Қазақстан делегациясының басшысы өз сөзінде ҚР Үкіметі есірткі тасымалы мен есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелеріне мән беретіндігінің жоғары маңыздылығын атап өтті. Қазақстан Алматы қаласында орналасқан Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының (ОАӨАҮО) қызметіне ерекше мән береді.

2017 жылдың қазан айында Нұр-Сұлтанда өткен Меморандумға қатысушы-тараптардың 10-шы мерейтойлық кездесуі біздің өңірдегі есірткі қауіптеріне бірлесіп қарсы тұру мәселелерін талқылау, сондай-ақ ОАӨАҮО әлеуетін нығайту және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жақсы алаңға айналды. Ташкенттегі Меморандумның кездесуі ОАӨАҮО-нің есірткінің заңсыз айналымымен күрес және тараптардың құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылымен байланысты салалардағы халықаралық үкіметаралық ұйым ретінде сапалы жаңа деңгейге жетуіне тағы бір серпін болды.

Министрлік сегментінің қарсаңында, 2019 жылы 2 мамырда сарапшылардың кездесуі өтті. Сессияның бірінің модераторы ретінде ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Сстанислав Василенко болды, ол қатысушылармен жаңа психобелсенді заттардың таралуына қарсы күрес және Интернет желісінде есірткінің заңсыз таратылуына қарсы тұру саласында Қазақстанның ең озық тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда, Қылмыстық кодекске және «Есірткі құралдарына, психотроптық заттарға, олардың аналогтары мен прекурсорларына қарсы күрес туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар қабылдануы атап өтілді, осы өзгерістерге сәйкес қазіргі күнге белгілі жаңа психоактивті заттардың базалық құрылымның 89 атауына мемлекеттік бақылау енгізілді.

Бұдан басқа, есірткі заттарының тізілімін бекіту өкілеттігі Үкіметке берілді, бұл осы тізілімді уақытында толтыруға мүмкіндік береді, есірткі нарығындағы өзгерістерге тез арада жауап қайтаруды және есірткінің жаңа түрлеріне дереу тыйым салуды қамтамасыз етеді.

Қосылған : 3.05.2019, 15:30, Өзгертілген : 3.05.2019, 15:30