Қазақстан Иорданиядағы Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысты

АММАН, 2019 жылғы 6 сәуір – Өлі теңіздің жағалауында «Ынтымақтастық үшін жаңа алаңды әзірлеу» тақырыбында Таяу Шығыс пен Сотлүстік Африка жөніндегі Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) 10-шы өңірлік форумы өтті. Форумның жұмысына Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов бастаған қазақстандық делегация қатысты.

Іс-шара бағдарламасы араб әлеміндегі Төртінші өнеркәсіптік революция, экономиканың жаңа үлгісін қалыптастыру, өңірдің алдында тұрған ортақ сын-қатерлерді шешу үшін нұсқаулық, көптұжырымдамалық әлемде ортақ түйісу нүктелерін іздестіру және салалық диалогтардың болашағы сияқты мәселелерді қамтыды.

Форум Иордания Королі II Абдалланың қолдауы және қатысуымен ұйымдастырылды. Іс-шара мыңдаған мемлекеттік, іскерлік және қоғамдық көшбасшыларды өңірдегі және бүкіл әлемдегі терең экономикалық, әлеуметтік және геосаяси өзгерістердің кезеңінде диалог пен ортақ іс-қимылдар үшін жаңа жолдарды қалыптастыру мақсатында жинады. ДЭФ мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жөніндегі халықаралық ұйым бола тұра, әлемнің ірі компанияларының, үкіметтердің және азаматтық қоғамның өкілдерін мемлекеттік және жекеменшік секторлардың арасындағы ынтымақтастықты өңірдің болғашағына қатысты маңызды мәселелер бойынша дамыту үшін біріктірді.

Форумның аясында Қазақстан сыртқы саясат ведомствосының басшысы шет мемлекеттердің және халықаралық бизнестің өкілдермен бірқатар кездесулер өткізіп, ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

ДЭФ негізін қалаушысы және Атқарушы төрағасы Клаус Швабпен еліміздің осы жаһандық сараптау ұйымымен он бес жылдық әріптестігінің қорытындыларын талқыланды. ДЭФ-тің талқылау алаңдарында туындаған идеялар халықаралық сипаттағы маңызды шешімдердің негізіне жиі айналатынын атап өту қажет. Кездесу барысында Қазақстан мен ДЭФ арасындағы өзара ықпалдастықты кеңейту жоспарына баса назар аударылды.

Министр Б.Атамқұлов пен Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Президенті Сума Чакрабарти арасында өткен кездесу барысында тараптар Банктің қатысуымен алда Қазақстанда өтетін ірі іс-шаралар бойынша, оның ішінде ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің (ШИК) отырысы мен Астаналық экономикалық форум бойынша сағаттарын салыстырып тексерді.

Қазақстанмен өзара іс-қимылды талдай отырып, тараптар ЕҚДБ табысты ынтымақтастықтың үлгісі болып табылады деген ортақ ойға келді. Қазіргі таңда Қазақстан экномикасының әр түрлі салаларында Банктің қатысуымен іске асырылып жатқан жалпы көлемі 8 млрд. долл. астам соманы құрайтын шамамен 250 жоба іске асырылуда.

Иордания Королі II Абдалланың қабылдауында ҚР сыртқы саясат ведомствосының басшысы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатына сәйкес елдің сыртқы саяси бағытының сабақтастығын және өзгермейтіндігін ерекше атай отырып, Қазақстанның ішкі саяси өмірінде болған маңызды өзгерістер туралы айтып берді.

Кездесу барысында Елбасы мен Король Абдалланың арасында қалыптасқан жылы қарым-қатынастар әр түрлі салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге себеп болғаны ерекше аталды. Ғарыш саласы мен кибер қауіпсіздік сияқты екі ел үшін жаңа салаларда екіжақты диалогты одан әрі кеңейту туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Қазақстандық бастамаларға, атап айтқанда дінаралық диалог пен этноконфессиялық толеранттылық бойынша бастамаларға, сондай-ақ Корольдің әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері жұмысына белсенді қатысқаны үшін Иордан тарапына алғыс білідірілді.

Иорданиялық монарх Иордания байқаушы ретінде қатысатын, осы елдегі зорлық-зомбылық деңгейін едәуір төмендетіп, бейбітшілік үдерісін құрудың алғышарттарын жасаған Сирия жөніндегі Астаналық келіссөздерді өткізу бойынша бастаманы қолдағаны үшін Елбасына алғыс білдірді.

Сонымен қатар, Форумның аясында Армения Президенті Армен Саркисянмен, Латвия Сыртқы істер министрі Эдгарс Ринкевичспен, Иордания Сыртқы істер министрі Айман Әл-Сафадимен кездесулер өткізілді. Онда Қазақстан мен осы елдер арасындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен оны кеңейту мәселелері талқыланды.

Бұдан басқа, Форумның аясында ритэйл, қаржы, агроөнеркәсіптік кешен, IT, тау-кен және металлургия секторы, логистика және жаңартылатын энергия көздері сияқты салаларда жұмыс істейтін Таяу Шығыс өңіріндегі (Иордания, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері және Кувейт) ірі халықаралық компаниялардың өкілдерімен кездесулер өткізілді. Кездесулердің қорытындысы бойынша компаниялар бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты және нақты жоспарларды талқылау үшін жақын арада Қазақстанға келуді жоспарлап отыр.

Қосылған : 8.04.2019, 13:00, Өзгертілген : 8.04.2019, 13:00