ЯҚБӨ Шарттары аясында ынтымақтастықты ілгерілету мақсатында Қазақстан және AFCONE қарым-қатынастарды нығайтуға мүдделі

2019 жылғы 15 қазанда, Қазақстан Елшісі Қанат Тумыш Африка ядролық энергетика жөніндегі комиссиясының (AFCONE) Атқарушы хатшысы, ғылымдар докторы Мессауд Баалиуамермен кездесіп, алдағы уақыттағы Қазақстан және Комиссия арасындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Елші AFCONE жоғары лауазымды тұлғалары доктор Мессауд Баалиуамер мен Доктор Машабаненің 2019 жылғы 29 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан Үкіметі және БҰҰ-ның қарусыздану мәселелері жөніндегі басқармасы бірлесіп ұйымдастырған «Қазіргі ядролық қарудан бос өңірлердің арасындағы ынтымақтастық пен консультациялық тетіктерді кеңейту» тақырыбындағы екі күндік семинарға қатысқанын жоғары бағалады.

Кездесу барысында тараптар ЯҚБӨ Шарттар шеңберіндегі ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қатысты пікірлер мен көзқарастармен алмасты және Қазақстанда өткен екі күндік семинарда қабылданған шешімдердің орындау тетігін қарастырып анықтауға келісті. Атап айтқанда, ядролық қарусыздану және  таратпау аясында, сондай-ақ атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында бірлескен іс-әрекеттер және іс-шараларды ұйымдастыру арқылы.

Қосылған : 17.10.2019, 18:00, Өзгертілген : 17.10.2019, 18:05