Kazakh Invest жапониялық компанияның инвестициялық жобасын сүйемелдеуді қамтамасыз етті


НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 2 қазан - Жобаның барлық кезеңдерін жедел үйлестіру үшін Tokyo Rope жапондық инвестор Атырау қаласында өкілдігін ашты. Орал өзенінің жағалау жиегін нығайту жөніндегі жобаны компания алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалана отырып іске асырмақ.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Атырау облысы Махамбет ауданындағы Орал өзенінің жағалау жиегін нығайтуға бағытталған инвестициялық жобаны сүйемелдеуді қамтамасыз етті. Жыл сайын жағалау жиегі қарқынды шаюға ұшырайды. Соңғы 10 жылда өзен жағалауы 10 метрге дейін ығыстырылды, оның одан ары бұзылуы елді мекен құрылыстары үшін қауіп төндіруі мүмкін. Аталмыш компанияның ашылу салтанатында компания өкілдері жағалаудың шайылуын жапондық мамандардың тәжірибесін қолдану арқылы жол бермеу жоспарланып отырғанын, Орал жағалауын нығайту Rock Box габион – озат технологияларды пайдаланып іске асырылатынын атап өтті.

Шетелдік инвесторлар елге инвестициясын тартудың бірыңғай операторы - «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен өз қатысуын дамытады және Қазақстанда жобалар әзірлейді. Осыған дейін, жапондық компания Алматы қаласындағы Есентай өзенінің жағалау жиегін нығайтуға қолғабыс білдірді. Компания мамандары әлем бойынша сел, көшкін, опырылу және тасқұламаға қарсы қорғаныс құрылғылар құру жөнінде бірқатар жобларды іске асыруға қатысты.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Tokyo Rope басшылығын жобаны іске асыруға қызығушылық танытқаны үшін алғыс айтып, ұзақмерзімді серіктестікке сенім білдірді. «Ғасырлық тарихымен белгілі компания бүкіл әлемге өзінің озық технологияларымен танымал. Қазақстанның бірінші Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияға сапары барысында Tokyo Rope компаниясының басшылығымен кездесіп, жапон бизнесінің біздің елге келуіне бастамашы болды деп атап өткім келеді. Компания Алматы қаласында өз жобасын сәтті іске асырды, енді Атыруда өз өкілдігін ашуда. Жақын арада біз бірлесіп өңір үшін маңызды жобаларды іске асыруды жоспарлаудамыз. Бұл жағалауды нығайту жұмыстары, медициналық орталық ашу және машина жасау секторында да қызығушылықтар бар. Мемлекет басшысы шетелдік инвестицияларды тарту үшін барлық қолайлы шарттарды құруды тапсырған болатын. Аталған тапсырмалар шеңберінде Атырау облысында жемісті жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірде шетелдік қатысуы бар мыңнан астам компаниялар сәтті қызмет етуде. Әлемдік компаниялардың заманауи технологияларын тарту арқылы, қазақстандық мамандар сапасы жоғары деігейдегі тауарлар өндіруде»,- деп атап өтті өңір басшысы.

Жоспар бойынша қорғаныс құрылғысының жалпы ұзындығы 4,5 м жуық. Жоба мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шарттарымен іске асырылады. Бүгінгі күні жоба бойынша Жол картасы келісілді және жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу және сараптау жұмыстары аяқталуда. Құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталмақ. Жұмыстар металлдан жасалған беріктігі жоғары торлар мен панельдер өндірісі жөніндегі «Tokyo Rope Almaty» зауытында Қазақстанда дайындалған өнімдерді пайдалана отырып жүргізіледі.

«Атырау облысы қандай экономикалық әлеуетке ие екеніне талдау жүргіздік. Бұл дамушы өңір. Біз аталған өңірге өзіміздің жоғары технологияларымызды тартуға және бірнеше жобаны іске асыруға қызығушылығымыз бар. Оладың біріншісі – жағалау нығайту жұмыстары, екінші жоба – медициналық орталық», - деді Tokyo Rope президенті Сато Кадзунори.

«Аталған жобаның өңір үшін өмірлік маңызы бар. Объектіні сәтті құрған жағдайда, инвесторлар облыста өзінің болуын кеңейте алады. Tokyo Rope Атырау облысындағы жобасы Жапонияның басқа инвесторлары үшін Қазақстанмен серіктестікті жетілдіруге серпіліс беретініне сенімдіміз. Өз кезегімізде біз әлеуетті салаларға ресурстар инвестициялауға ниет білдірген шетелдік кәсіпорындарға толық кеңестік қолдау мен сүйемелдеуді көрсетеміз», - деп атап өтті Атырау облысы бойынша «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өкілдігінің өңірлік директоры Ержан Көлбаев.

Технология экологиялылығымен ерекшеленеді, мәселен, бетонға қарағанда габион суды өткізеді және суат ылғалмен қамтамасыз етіледі. Бұдан басқа, бірнеше жыл бойы кеңістік құрылғыны нығайтатын және оның өсімдікпен жабылуына жағдай жасайтын топырақпен толтырылуда. Сарапшылардың пікірінше, аталған технология бетонға қарағанда экологиялы. Қала жағдайында габионның қызмет етуінің кепілдік мерзімі 70 жылға жуық.


Ақпарат үшін:

TOKYO ROPE MFG.CO., LTD. компаниясы 1887 жылы құрылды, жоғары технологиялы болат арқан, көпірлер үшін вант, автомашиналар үшін металлкорд, күн энергетикасы қажеттіліктері үшін сымдар өндірісі бойынша көшбасшы. Компания Жапонияда 5 зауытқа, олардың ішінде біреуі әлемде болат арқандар өндірісі бойынша ірі компания болып табылады, ҚХР-да 2 зауытқа, сондай-ақ, Вьетнам мен Малайзияда зауыттарға иелік етеді. ТМД өңіріндегі бірінші жоба 2008 жылы Алматы қаласында орындалды. Көлемі 600 шаршы метр болатын аудан Mighty Net тасқұламаны алдын алу жүйесі және Rock Net тастарды ұстау жүйесі үшін тәжірибелік-көрсетуші орын болды. Жапондық металлдан жасалған беріктігі жоғары торлар мен панельдер өндірісі жөніндегі «Tokyo Rope Almaty» зуыты  2016 жылдың қараша айында іске қосылды.


Қосылған : 3.10.2019, 10:40, Өзгертілген : 3.10.2019, 10:40