​Қазақстан Елшілігі Рим Папасының қабылдауына қатысты

ВАТИКАН, 2018 жылғы 9 қаңтар - 7 қаңтарда Ватиканның Апостоль сарайында Қазақстан Республикасының Елшілігі Жаңа жылды мерекелеу бойынша Рим Папасы Францисктың жыл сайынғы қабылдауына қатысты.

Әулие Тақ жанындағы аккредиттелген дипломатиялық корпустың алдында сөз сөйлеуі барысында, понтифик өткен жылғы Ватиканның негізгі сыртқы саяси нәтижелері мен уағдаластықтары туралы хабарлады. Сонымен қатар, Ватикан үшін бірқатар айтулы жылдары, соның ішінде Ұлттар Бірлестігінің 100-жылдығы атап өтілді. Рим Папасының пайымдауынша, бұл оқиға қазіргі заманғы дипломатияның бастамасын көрсетеді, осының арқасында соғысқа әкелетін жолдардың алдын алу үшін мемлекеттердің өзара қарым қатынастарын реттейді.

Бұдан басқа, Рим Папасы Сирия, Украина, Венесуэла, Израиль, Эфиопия және Эритреяда орын алған жанжалдың құрбандары мен мұқтаждарға көмек көрсетуді алға жылжытқан Әулие Тақтың түрлі жобаларын атады. Понтифик шіркеу және оның әртүрлі мекемелері басқа мемлекеттердің тарапынан және басқа да гуманитарлық мәселелерге зор назар аударту мақсатында осы миссияны белсенді түрде жалғастыратындығы жөнінде айтты.

Рим-Католик шіркеуінің басшысы өзінің сөзінде дәстүрлі түрде адам құқығы, жұмыссыздық, көші қон, босқындар, сонымен қатар қазіргі замандағы жанжал мәселелерін қозғады. Рим Папасы ұлттар арасында пайда болған қандайда бір даулардың қару арқылы емес, келіссөздер арқылы шешілу керектігін ескерді. Осыған байланысты, Аса Қасиетті барлық әлемдік ірі мемлекеттерді қазіргі замандағы қысымдылықты азайту жөнінде диалогты қолдауға шақырды.

Қосылған : 9.01.2019, 18:20, Өзгертілген : 9.01.2019, 18:20