Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Таяу Шығыс мәселесі бойынша ашық пікірталас өткізді

Нью-Йорк, 2018 жыл 25 қаңтар – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретінде Қазақстан күн тәртібінің «Таяу Шығыстағы жағдай, оның ішінде Палестина мәселесі» бойынша Кеңестің кезекті ашық пікірталасын өткізді.

Жиында Таяу Шығыс бойынша БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Николай Младенов өңірдегі жағдай бойынша соңғы мәліметтер туралы, оның ішінде Ирак, Сирия, Йемен, Палестина-Израиль туралы толық мәлімет берді. Әсіресе, Палестина-Израиль қарым-қатынасы ерекше назарда болды. Кеңес мүшелері екі мемлекет басшыларына халықаралық келісімге келуге, Қауіпсіздік Кеңес мүшелері екі жаққа алдын ала шарт қоймай келіссөздерді қайта жалғастыруға шақырды.

Палестина-Израиль қақтығысына, соның ішінде Иерусалим мәртебесі мәселесіне басты назар аударылды. Кеңестің өкілдері палестиналықтардың мемлекеттілікке тартып алынбайтын құқығын және Израильдің қауіпсіздік құқығын назарға ала отырып, екі елдің көшбасшыларын халықаралық уағдаластықтар негіздерін сақтауға табандылықпен шақырды.

Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері алдын ала шарттарсыз екіжақты нысанда келіссөздерді жандандыруға шақырды. Осындай диалогтың мақсаты Қауіпсіздік Кеңесі қарарларына, Мадрид қағидаттарына, «әлем орнына жер» формуласына және «Жол картасына», сондай-ақ араб бейбіт бастамасына сәйкес бейбіт процесті қалпына келтіру және жәрдем ету болуы тиіс.

Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері екі тарап араңдатушылық әрекеттерден және риторикадан бас тартып, тікелей келіссөздерді жедел жандандыру, әрқайсысы өз міндеттерін орындау үшін тиісті қадамдар жасау керектігін айтты. Делегациялар бейбіт процесті ілгерілету үшін өзара тиімді қағидаттарды анықтау қажеттілігін, сондай-ақ бейбіт қарым-қатынастардағы көршілес мемлекеттердің үлгісін іске асыру үшін болашақ келіссөздердің тұжырымдамасын және оны іске асыру тетігін атап өтті.

Дебатқа қатысқан мемлекеттердің көпшілігі, нақ айтқанда мүше мемлекеттер мен ұйымдардың 50-ден аса өкілдері АҚШ-тың БҰҰ-ның Палестинаға көмек көрсетуіне берілетін қаржысын қысқартқанына алаңдаушылық білдірді, себебі бұл қаражат Таяу Шығыстағы босқындар шығынының 50 пайызын қамтиды. Ал оның қысқаруы сөз сөйлеген қатысушылардың пікірінше, босқындардың онсыз да ауыр жағдайын қиындатып, радикализацияға әкелетін болады.

Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров өз сөзінде мемлекетіміздің Израиль-Палестина шиеленісін екі мемлекеттің қатысуымен шешу формуласын қалайтынын жеткізді. Сонымен қатар, палестина аумақтарында израиль тұрғын-үйлер құрылысын тоқтатуға қатысты БҰҰ ҚК-нің 2334 қарарының ережелерін іске асыру қажеттілігін айтты. Сонымен қатар, тараптарды осы шиеленісті күшейтетін кез-келген әрекеттен аулақ болуға шақырды.

Қазақстандық делегация үстіміздегі жылдың 18 қаңтар күні «Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау: сенім шаралары» тақырыбы бойынша Кеңес мүшелері үшін арнайы ұйымдастырылған брифингте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ретінде әлем көшбасшыларын саяси ерік және батылдық білдіріп, халықаралық күн тәртібінің кез келген қиын мәселелерін сенім шаралары негізінде шешуге шақырды. Бұл Таяу Шығыстағы саяси тұрақтылық пен қауіпсіздікке қол жеткізудің негізгі шарттарының бірі болып табылады.

Таяу Шығыстағы елдердің жағдайына арналған брифингтің кең аясында қазақстандық делегация Ирактың егемендігі мен адалдығының, Ирактағы түрлі топтар арасында, сондай-ақ күрдтердің Эрбил мен Бағдад арасындағы жан-жақты саяси диалогты ынталандырудың маңыздылығын атап өтті. Йеменге қатысты қазақстандық делегация қақтығыстың саяси шешіміне баламаның жоқ екенін және осы елдің аз қамтылған қарапайым тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетудің барлық әдістерін сақтау қажеттілігін атап өтті. Сонымен қатар, Астана Ливанның парламенттік сайлауға нақты мерзімді тағайындағанын қолдады, бұл қоғамның тұрақтылығы мен саяси шоғырлануына ықпал етуі тиіс. Ливияға қатысты қазақстандық тарап ливиялықтарды ұлттық бірліктің тиімді үкіметін құру үшін диалог пен сенімді нығайту жолдарын ұстануға шақырды.

Қосылған : 26.01.2018, 11:40, Өзгертілген : 26.01.2018, 11:40