Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің КХДР бойынша резолюциясын қолдады

АСТАНА, 12 қыркүйек 2017 жыл – Қазақстан Корей Халық Демократиялық Республикасы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің жаңа резолюциясын құптады. Резолюция 11 қыркүйекте Қазақстанды қоса БҰҰ ҚК-нің барлық мүшелерімен КХДР-дың 3 қыркүйекте өткізілген алтыншы және ең қуатты ядролық сынаққа жауап ретінде бірауыздан қабылданды.

«Біз КХДР Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерін түбегейлі бұза отырып, елімізге және оның басшылығына елеулі салдарға әкелетінін өкінішпен атап өтеміз», - деп мәлімдеді Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров. Ол Пхеньянның жаһандық үндеуді естіп, естілік пен диалог жолын таңдайтынына үміт білдірді.

«Жетілдірілген баллистикалық зымырандарды ұшыру сериясынан кейін КХДР ғаламшарды өзінің сұмдық ядролық сынақтарымен солқылдатты. Солтүстік Кореяның жауапсыз саясаты ядролық қаруды таратпау жөніндегі жаһандық үдеріске кесірін тигізіп, ғаламшардың ядролық қарусыз болашағын қамтамасыз ету бойынша ұжымдық үлестерге нұқстан келтіреді»,- деп атап өтілді мәлімдемеде. Қазақстан ядролық сынақтардың салдарынан шындап зардап шеккен ел ретінде осындай өрескел әрекеттерге қарсылығын білдіріп, ХХІ ғасырда ядролық сынақтар үшін орын болмауы тиіс екеніндігіне өзінің берік сенімін білдіреді. Өзінің түбегейлі ұстанымына сүйене отырып, әлем Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын қабылдамайтынын Пхеньянға есіне түсіреді деген үмітте, Қазақстан жаңа қарарға қолдау көрсетті.

2375 (2017) Қарар Солтүстік кореялық тоқыма бұйымдарын сатып алуға, оған газ конденсатын сатуға толық тыйым салады, сондай-ақ Солтүстік Кореяның порттарына кіретін және порттардан шығатын жүк кемелерін тексеруді көздейді. Бұдан басқа, санкциялар туралы құжат КХДР-ға мұнай өнімдерін жеткізуге шектеу қойды – осы жылдың аяғына дейін 500 мың баррельден және 2018 жылдың қаңтарынан бастап жылына 2 млн. баррельден аспауы тиіс. Бұрынғы санкциялармен бірге қабылданған шаралар дәл қазір Солтүстік Кореяның экспортын 90%-ке дейін төмендетуге бағытталған және өзінің ядролық бағдарламасын дамытуды жалғастыру үшін елдің қаржы мүмкіндіктерін шындап шектейді.

Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері санкцияларды күшейтумен қатар, Корей түбегіндегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығын растап, жағдайды бейбіт және жан-жақты реттеудің саяси және дипломатиялық әдістеріне бейілділігін білдірді.

Ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу – биылғы қаңтар айында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне саяси үндеуінде жарияланған бірінші басымдық болып табылады. «Сонымен қатар, бұл тұрғыда осы мәселе бойынша көпжақты келіссөздер үдерісін дереу қалпына келтіруін қолдап, Корей түбегіндегі ядролық қару мәселесін жедел және сындарлы шешуді Қазақстан Республикасы маңызды міндет деп санайды. Ең дұрысы – Қазақстан БҰҰ-ға мүше-мемлекеттердің барлығын, әсіресе Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерін, 2045 жылы БҰҰ-ның 100-жылдығына дейін әлемді ядролық қарудан арылтуға шақырады»,- деп Мемлекет басшысының қаңтардағы үндеуінде атап өтілген еді.

Қосылған : 12.09.2017, 17:25, Өзгертілген : 12.09.2017, 17:25