​Қазақстан мен АҚШ үкіметаралық келісімге қол қойды Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер туралы келісім

НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 3 мамыр - Қазақстан мен АҚШ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық әріптестікті нығайту аясында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев пен АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Уильям Мозер Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер туралы үкіметаралық келісімге қол қойды.

Аталған құжат Қазақстан мен АҚШ-тың консулдық лауазымды тұлғалары мен олардың отбасы мүшелері үшін дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтар деңгейін арттырады. Келісімде көзделген екі мемлекеттің консулдық мекемелері, консулдық лауазымды тұлғаларды және олардың отбасы мүшелері пайдаланатын өзара иммунитеттер мен артықшылықтарды күшейту олардың қызметінің шарттарына оң әсерін тигізеді.

Құжатты іске асыру екі мемлекетте болған кезінде екі ел азаматтарының мүдделерін алға жылжыту және қорғау тиімділігін арттырады.

Қосылған : 3.05.2019, 18:00, Өзгертілген : 3.05.2019, 18:00