Қазақстан-Қытай инвестициялық ынтымақтастық

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы негіздемелік келісімді бекіту туралы

Негіздемелік келісім

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық шеңберінде іскерлік мақсаттағы визаларды ресімдеу тәртібі туралы келісімді бекіту туралы

Іскерлік визалар бойынша келісім

Қазақстандық-қытай инвестициялық жобалардың салынуы Қазақстан заңнамасына сәйкес жүргізіледі

Қазақстанның тәуелсіздік алған кезең ішінде 120-дан астам елдерден 330 млрд.АҚШ доллары көлемінде шетелдік инвестициялар тартылды. Оның ішінде Қытай Халық Республикасына 5% жуық тиесілі.

2015 жылы жоғарғы саяси деңгейде қол қойылған Индустриаландыру мен инвестициялар саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі Қазақстан Республикасы мен ҚХР арасындағы үкіметаралық шекті келесімге сәйкес, Қазақстанның металлургия, мұнай мен газды қайта өңдеу, химия өнеркәсібі, машинажасау, электроэнергетика, көлік, құрылыс материалдарын жасау және АӨК сияқты салаларында жалпы сомасы $ 27,6 млрд. құрайтын 55 бірлескен қазақстандық-қытай жобалары іске асырылуда.

2015 жылдан 2019 жылдың қыркүйегі аралығында жалпы сомасы $ 3 957 млн. құрайтын 15 жоба іске қосылды, жалпы сомасы $ 3 774 млн. болатын 11 жоба іске асырылу кезеңінде, 29 жоба қарастырылу кезеңінде деп атап өту қажет.

Қазақстан-қытай индустриалы-инвестициялық ынтымақтастық бағдарламасын іске асыру нәтижесінде шетел нарығына экспортқа бағытталған бірқатар жоғары технологиялық бәсекеге қабілетті кәсіпорындардың құрылуы күтілуде. 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын құру күтілуде, бұл ретте қазақстандық жұмысшылардың үлесі 90 %-дан аспақ.

Болашақ өңдірістердің түпкі өнімі ретінде жеңіл автокөліктер, мұнайгаз құрылғылары, болат құбырлар, арнайы қортпалар, бірінші ретті алюминий, кальций қосылған сода, полипропилен, рапс майы және ет өнімі болмақ.

Электроэнергетика, құрылыс және жеңіл өнеркәсіп, сондай-ақ, инфрақұрылыс салаларында жобалар қосымша іске асырылатын болады.

Елдің түрлі өңірлерінде іске асырылып жатқан барлық жобалар заманауи технологияларды қолданады, олардың құрылысы, оның ішінде өнімнің қауіпсіздігін, экологиялылығын және өзге стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету саласындағы рұқсат ету құжаттарын алуды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Барлық жобалар мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған соң ғана өндірістің құрылысынаа рұқсат беріледі.


АҚ "ҰК "Kazakh Invest"


Қосылған : 11.09.2019, 12:00, Өзгертілген : 11.09.2019, 12:00