Инвестициялық преференциялар

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инвестициялық жобаны іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына келесі инвестициялық преференциялар беріледі:

Инвестициялық жоба бойынша:

- кедендік баж салығынан босату;

- шикізат және (немесе) материалдар импорты үшін қосылған құн салығынан босату;

- мемлекеттік заттай грант.

Инвестициялық басым жоба бойынша:

- кедендік баж салығынан босату;

- мемлекеттік заттай грант,

- салықтық преференциялар (кем дегенде 2 млн. АЕК инвестициялайтын кәсіпорындар үшін):

1) жаңа өндірістер құру бойынша (КТС - 10 жылға, жер салығы - 10 жылға, мүлік салығы - 8 жылға босату):

2) жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттарды кеңейту және (немесе) жаңарту (КТС - кемінде 5 миллион АЕК инвестициялайтын кәсіпорындар үшін 3 жыл);

- кемінде 5 миллион АЕК мөлшерінде инвестиция салатын кәсіпорындарға инвестициялық субсидия беріледі.

Қолданыстағы объектілерді кеңейту және (немесе) жаңарту үшін инвестициялық басым жобаларға инвестициялық субсидия берілмейді.

Инвестициялық жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру барысында құрылған, кеңейтілген және (немесе) жаңартылған өндірістерді қоса алғанда, жаңа өндiрiстер құруға, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейтуге және (немесе) жаңартуға инвестициялар көздейтiн iс-шаралар кешенiн білдіреді

Инвестициялық басым жобаға жатады:

- жаңа өндірістерді құру бойынша, заңды тұлғаның жаңа өндірістік объектілердің (фабрика, зауыт, цех) құрылысына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асыруын көздейтін;

- жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша, заңды тұлғаның негізгі құралдарды өзгертуге, оның ішінде өнім шығаратын істеп тұрған өндірістік қуаттарды жаңартуға (реновациялау, реконструкциялау, жаңғырту) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бес миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асыруын көздейтін инвестициялық жоба.

Анықтама:

2019 жылы жалпы сомасы 365 млрд. теңгені құрайтын 54 инвестициялық контракт жасалды.


Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

Қазақстан Республикасының Салық кодексі

"Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысы

"Инвестициялық субсидия беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1120 қаулысы

"Инвестициялық субсидияның шекті мөлшерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 666 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 17 бірлескен бұйрығы

"Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1113 бұйрығы

"Инвестициялық келісімшарт шеңберінде импорты қосылған құн салығынан босатылған шикізат және (немесе) материалдар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 140 бұйрығы

Қосылған : 6.06.2019, 19:30, Өзгертілген : 6.06.2019, 19:30