Шетелдік дипломаттардың Алматы қаласындағы Орталық референттік зертханаға баруы

Алматы қаласында 2018 жылғы 23 мамырда Орталық референттік зертханада (ОРЗ) Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпус үшін ашық есік күні өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасының таратпау және қарусыздандыру саласында қабылдаған міндеттемелерін әрі Биологиялық және токсинді қаруға тыйым салу конвенциясын жүзеге асыру барысымен таныстыру мақсатында өткізілді.

ОРЗ қауіпсіздіктің үшінші деңгейінде танылған халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады. Зертхананың негізгі міндеті - эпидемиологиялық және эпизоотологиялық бақылау жүйесінде мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың диагностикалық және зерттеу мүмкіндіктерін нығайту. Сондай-ақ ОРЗ биоқауіпсіздік саласындағы қауіп-қатерлерге жедел ден қоюға және аса қауіпті инфекциялардың таралуына төтеп беруде Қазақстанның әлеуетін нығайтуға септігін тигізеді.

Іс-шара барысында шетелдік дипломаттарға «Орталық референттік зертхана туралы: оның мақсаттары, міндеттері және перспективалары» тақырыбында таныстырылым ұсынылып, ОРЗ бойынша шолу экскурсиясы ұйымдастырылды.

Бұл іс-шараның өткізілуі Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы ашық саясатын айғақтайды.

Қатысушылар іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

Қосылған : 23.05.2018, 17:00, Өзгертілген : 23.05.2018, 17:00