​Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ішкі аудит қызметінің 2018 жылғы 9 айда жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ішкі аудит қызметі (бұдан әрі – ҚР СІМ ІАҚ) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі бекіткен 2018 жылға арналған Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, 2018 жылғы 9 айда 16 аудиторлық іс-шаралар жүргізді.

Аудитпен қамтылған жалпы бюджет сомасы 20 636,7 млн. теңгені құрады. Соның ішінде жалпы сомасы 1 022,6 млн. теңгеге бұзушылықтар анықталды, бұзушылықтар сыныптауышы тұрғысында келесідей көрсетілген:

- сомасы 149,5 млн. теңге қаржының бюджетке (кіріс бөлігі) түсуі кезіндегі бұзушылықтар;

- сомасы 3,9 млн. теңге мемлекеттің бюджет қаражатын және активтерін пайдалану кезіндегі бұзушылықтар;

- сомасы 342,1 млн. теңге бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті құрастыру кезіндегі бұзушылықтар;

- сомасы 527,1 млн. теңге басқа да бұзушылықтар.

Оның ішінде сомасы 5,53 млн. теңге республикалық бюджет кірісіне өтелуіне, сомасы 2,15 млн. теңге бухгалтерлік есепте көрсетілуіне және қалпына келтіруге жатады.

Аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша аудит объектілеріне Ішкі аудит нәтижелері туралы есебі, бұзушылықтарды жою және ұсынымдарды қарастыру туралы шешім жіберілді.

Ағымдағы жылдың 1 қазандағы жағдайы бойынша республикалық бюджет кірісіне 5,53 млн. теңге өтеліп, 1,37 млн. теңге бухгалтерлік есепте көрсетілді және қалпына келтірілді. Бухгалтерлік есепте көрсетілу қажет 0,78 млн. теңге сома айырмашылығы ҚР Армения Республикасындағы Елшілігіне тиесілі.

Аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша екі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке, бір лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қосылған : 30.10.2018, 12:05, Өзгертілген : 30.10.2018, 12:05